БІЛІМ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ БОЙЫНША ТӘУЕЛСІЗ АГЕНТТІГI

instagram twitter youtube facebook

Білім берудегі жоғары сапаға жәрдемдесу

Басқы бет

Лидер  1680 900 (1) min
18

 

24. 11. 15

Білім беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен қосымшалар енгізілді

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2015 жылғы 13-қарашада «Білім беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының №398-V Заңына қол қойды.

Заң 100 нақты қадам – Ұлттық Жоспарды жүзеге асыру аясында бес институционалдық реформаны жүзеге асыруда 12 жылдық білім беруді, дуальды оқытуды кезеңмен ендіруге қатысты, функционалдық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі білім беру стандарттарын жаңарту мен 2017 жылғы 1-қаңтардан бастап жоғары оқу орындарын және 2020 жылғы 1-қаңтардан бастап ТжКБ ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау жүйесінен тәуелсіз аккредиттеуге өтуге бағытталған.

Жоғары оқу орындары мен ТжКБ ұйымдарын аккредиттеуге байланысты «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген келесі өзгерістер мен толықтыруларға назар аударуларыңызды сұраймыз:

39-бапта. «Білім туралы құжаттар» келесі тармақтарға назар аударуларыңызды сұраймыз:

3. Қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыларға білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды ... 2) әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің (2020 жылғы 1- қаңтардан күшіне енеді), жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық еуропалық желілердің толық мүшелері болып табылатын және білім беру саласындағы уәкілетті органның тізіліміне енгізілген шетелдік немесе ұлттық аккредиттеу органдарында халықаралық аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдары береді (2017 жылғы 1- қаңтардан күшіне енеді).

62- бапта. «Білім беру ұйымдарын мемлекеттік қаржыландыру» келесі тармақтарға назар аударуларыңызды сұраймыз:

«5-1. Білім беру грантының негізінде жоғары білімі бар кадрлар даярлауды қаржыландыру, әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық еуропалық желілердің толық мүшелері болып табылатын және білім беру саласындағы уәкілетті органның тізіліміне енгізілген шетелдік немесе ұлттық аккредиттеу органдарында халықаралық аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады (бұл тармақ 2017 жылғы 1- қаңтарда күшіне енеді).

Білім беру тапсырысының негізінде жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлар даярлауды қаржыландыру, әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық еуропалық желілердің толық мүшелері болып табылатын және білім беру саласындағы уәкілетті органның тізіліміне енгізілген шетелдік немесе ұлттық аккредиттеу органдарында халықаралық аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады (бұл тармақ 2017 жылғы 1-қаңтарда күшіне енеді).

Білім беру тапсырысының негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрлар даярлауды қаржыландыру, әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық еуропалық желілердің толық мүшелері болып табылатын және білім беру саласындағы уәкілетті органның тізіліміне енгізілген шетелдік немесе ұлттық аккредиттеу органдарында халықаралық аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады (бұл тармақ 2020 жылғы 1- қаңтардан күшіне енеді)»;

2020 жылғы 1- қаңтарға дейін Заңның 1- бабының 2- тармағының 54)- тармақшасының күші тоқтатылғанына, тоқтатылу кезеңінде берілген тармақша 1) бұл Заң күшіне енген күннен бастап 2017 жылғы 1- қаңтарға дейін «54) 62- баптың 5-1 тармағында «оқу» сөзін алып тастау» жарияланымында әрекет ететініне назар аударыңыз.

Келесі сілтемеден қосымшалар мен өзгерістер туралы толығырақ ақпарат алуға болады:

http://egemen.kz/2015/11/18/7068

prikaz kz
eqar
LogoENQA Color RGB
prikaz krg ru
logodeqar
eenqa
inqa
apqn
CHEA
ihe logo