БІЛІМ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ БОЙЫНША ТӘУЕЛСІЗ АГЕНТТІГI

instagram twitter youtube facebook

Білім берудегі жоғары сапаға жәрдемдесу

Басқы бет

Лидер  1680 900 (1) min
18

Сұрақтар мен жауаптар (Болон процесі)

Assessment – бағалау
білімді бақылау:студенттің пәнді (курсты немесе модульді) меңгеру прогресін анықтауға пайдаланатын тәсілдердің толық жиынтығы. Бұл тәсілдерге жазбаша, ауызша, лабораториялық және практикалық тестер/эмтихандар; жобалар, сүйемелдеуші құжаттары бар презентациялар (баяндамалар) жатады. Студенттің өз білімін меңгеру прогресін өзі бағалай алуы үшін, немесе білім беру мекемесінің бағалауы үшін; курс бөлімі немесе модуль (курс бөлімінің, пәннің немесе модульдің қорытындылары бойынша аттестация) біткен соң оқушының нәтижеге қол жеткізе алғандығын анықтау үшін; білімді бақылау арадағы (ағымдағы аттестация - өзін-өзі бақылау) болуы мүмкін.
Assessment Criteria - бағалау критериилері (шарттары)
білім бақылауын бағалау шарттары: оқушының алған білімінің белгіленген білім талаптарын қанағаттандыра алатынын көрсетуге арналған, оқушыдан күтілетін талаптардың сипаттамалары. Шарттар өтіліп жатқан пәнге сәйкес модульдің циклдық және/немесе деңгейлік дескрипторларына жатады.
Bologna Follow-up Group (BFUG) - (BFUG) Болон процесі бойынша бақылау тобы:
2003 ж. Берлин конференциясында Берлин коммюникесінің барлық сұрақтарын жүзеге асыру, Болон процесін (БП) жалпы басқару және Еуропа елдерінің білім министрлерінің кезекті кездесулерін ұйымдастыру, 2003 ж. қазан айында құрылған (BFUG) Болон процесі бойынша Бақылау тобына жүктелді. Топ БП-нің негізгі элементі және атқарушы органы болып табылады. Қазіргі таңда топтың құрамында БП-не қатысушы барлық елдердің өкілдері, сонымен қатар, консультативтік мүшелер ретінде біраз халықаралық ұйымдардың өкілдері жұмыс істейді. Топ, кем дегенде, жылына екі рет отырыс өткізеді. Топты Еуропа Комиссиясының Президенті басқарады, ал Еуропа елдерінің білім министрлерінің кезекті конференциясын қабылдаған елдің өкілі топтың вице-президенті болып табылады. Бақылау тобының отырыстарының арасында, оның жұмыстарын Еуропа Комиссиясының президенттігін атқарушы елдің өкілі – председателі басқаратын BFUG Комитеті, және білім министрлерінің кезекті кездесулерін қамтамасыздандыратын елдің өкілі - вице-президенті басқарады. Жалпы, құрамына министрлердің келесі конференциясы өтілетін елдің өкілдері кіретін Секретариат, топтың бақылау жұмыстарын қамтамасыздандырады. БП қатысушы елдерде БП дамыту бойынша өздерінің ұлттық жұмысшы топтары бар.
Cohort - поток
берілген біліктілік бағдарламасын немесе курсын бір жылда оқуды бастаған студенттердің топтары.
Competences -компетенция
компетенция дегеніміз білімнің, шеберліктің, дағдының және қабілеттіліктің динамикалық комбинациясы. Компетенцияны қалыптастыру және дамыту, оқыту бағдарламасының мақсаты болып табылады. Компетенция курстың әртүрлі бөлімдерін оқу кезінде қалыптасады және оның әртүрлі сатыларында бағаланады. Олар оқу пәндерінің (кәсіби) компетенциясы және жалпы компетенция (оқыту бағдарламасының мазмұнына сәйкесті емес) болып бөлінеді.
Contact hour – контактілі (аудиторлық) сағаттар
Course unit – курс бөлімі
мағынасы бойынша біткен, оқу курсыныңресми түрде құрастырылған бөлігі. Бөлімде міндетті түрде: компетенция терминдерінде көрсетілген, мағынасына сәйкес және нақты анықталған оқыту нәтижелерінің тізімі, сонымен қатар, білім бағаларының тиісті шарттары болуы керек. Курстың әртүрлі бөлімдері әртүрлі кредиттік сандардан тұруы мүмкін.
Coursework – оқыту жұмыстары
оқыту жұмыстары түсінігі (әдетте бақыланатын және бағаланатын) қажетті курс бөлімі немесе модуль шеңберіндегі оқыту жұмыстарымен байланысты.
Credit – кредит ( зачеттық бірлік)
оқыту нәтижелеріне қол жеткізуге негізделген білім деңгейлері мен көлемін, сонымен қатар, уақыт бірлігімен өлшенетін осы деңгейге сәйкес еңбек көлемінің деңгейін көрсетудің сандық тәсілі. Сонымен қатар, кредит студентке оқуына немесе бұрынғы оқуына кеткен еңбек шығындарына сәйкес белгілі деңгейде белгіленген оқыту нәтижелеріне қол жеткізуін тексерген соң да есепке алынуы мүмкін.
Credit accumulation – кредиттердің жинақталуы (қорлануы)
кредиттердің қорлық жүйесінде семестр, оқу жылы немесе жалпы оқу бағдарламасы бойынша оқудың сәтті бітуі үшін, осы бағдарламалардың талаптарымен белгіленген кредиттің белгілі бір санын алу қажет. Оқушының оқу нәтижесіне сәтті қол жеткізгенін білімді бақылау растаған соң ғана, кредиттер есепке алынады (және жиылады, қорланады). Оқушылар кредиттердің қорлық жүйесін, бір немесе бірнеше білім беру мекемелерінде еңбек көлемі көрсетілген бағдарламалар немесе басқа да бағдарламалар бойынша есептелінген кредиттерін ауыстыру немесе қорландыру үшін пайдалана алады. Сонымен қатар, кредиттерді қорландыру жүйесі оқушыларға оқу нәтижелерін тез арада академиялық құптаудан өтпей-ақ, курстың жеке бөлімдерін немесе модульдерін меңгеруге мүмкіндік береді.
Credit framework – кредит жүйесі
оқыту нәтижелерін өлшеуге және әртүрлі біліктіліктермен, студенттердің уақыт бірлігімен өлшенетін оқу жұмыстарының еңбек көлемдерінің негізінде оқыту бағдарламаларымен және оқыту жағдайларымен салыстыруға себепші болатын жүйе.
Credit level – кредит деңгейі
осы бөлімдегі немесе модульдағыоқушыға берілген оқу талаптарының немесе еркіндік дәрежесінің индикаторы. Бұл индикатор әдетте оқудың тереңдігімен және күрделілігімен байланысты, кейде оқу (курс) жылымен және/немесе мазмұнының ерекшеліктерімен ассоциацияланады.
Criterion-referenced assessment – бақылаудың «босағалық» жүйесі
білімді бақылаудың бұл формасында нақты сипаттамалар, қабілеттіліктер, дағдылар, тәртіп бірліктері және бағалар осы бақылаудың сәтті «өтуінің» босағасын анықтайтын шарттар ретінде таңдалып алынады. Бір шарттық мағына бойынша «жетіспеушіліктер», басқа шарттардың жетістіктерімен толтырылуы мүмкін. Бақылаудың мұндай жүйесі, әдетте, оқыту нәтижелерінің «босағалық минимум» жетістіктерімен ассоциацияланады.
Cycles – циклдар
ішіне еуропалық жоғары білім беру жүйесінің барлық біліктіліктері кіретін, Болон процесінде анықталған үш саты (бірінші цикл, екінші цикл және үшінші цикл).
Cycles descriptors - циклдардың дескрипторлары
Болон процесінің анықтамаларына сәйкес келетінәрбір үш циклдың оқыту нәтижелерінің қорытындыланған сипаттамалары.
Degree – дәреже
білім беру мекемесінің бітірушісіне, белгіленген білім бағдарламаларын сәтті меңгергеннен кейін берілетін біліктілік. Егер бітіруші белгіленген оқу нәтижелеріне қол жеткізу кезінде есепке алынған қажетті кредит санын жинай алса, онда кредиттің қорлық жүйесінің бағдарламасы біткен болып есептеледі.
Diploma supplement – диплом қосымшасы
диплом қосымшасы – берілген дәрежені/біліктілікті анықтайтын ресми құжаттың қосымшасы. Диплом қосымшасы дәреже/біліктілік алушының оқу маңызын, деңгейін, мазмұнын және мәртебесін сипаттауға арналған. Қосымша Еуропалық комиссия, Еуропалық Кеңес және ЮНЕСКО/СЕПЕС жасаған модельге негізделеді. Ол халықаралық мөлдірлікке және біліктілікті академиялық/кәсіби құптауға ықпалын тигізеді.
Doctorate and doctoral degree – докторантура және докторлық дәреже
оқудың үшінші циклын бітіргенге және халықаралық деңгейде ғылыми, академиялық жұмыстарға немесе басқа да жоғары деңгейде құпталған кәсіби жұмыстарға берілетін біліктілік. Ол диссертация түрінде ұсынылған маңызды ғылыми зерттеулерді қарастырады.
ECTS (European Credit Transfer and Accumulating System) – ECTS Еуропалық ауыстыру және жинақтаушы кредиттер жүйесі
ECTS Еуропалық ауыстыру және жинақтаушы кредиттер жүйесі– берілген бағдарлама бойынша оқыту мақсаттарна қол жеткізуге қажетті, студенттің оқу жұмысының еңбек көлемін бағалауға негізделген,оқушыларға ыңғайлы болу үшін құрылған жүйе. Бұл мақсаттар белгіленген оқыту нәтижелерінің терминдерінде және компетенцияларында жазылған болуы керек. ECTS күндізгі оқу формасындағы студенттің бір академиялық оқу жұмысына 60 кредиттік еңбек көлемінің сәйкес келуі принципіне негізделеді. Студенттің оқу жұмысының еңбек көлемі бір академиялық жылдың ішінде Еуропада бір кредиттің 25-30 сағаттық мазмұнына сәйкес келетін 1500-1800 оқу сағатымен өлшенеді. ECTS жүйесі білім беру жүйесінің мөлдірлігін жоғарылатады және кредиттерді жинақтау мен ауыстыру арқылы студенттердің мобильділігін арттырады. Кредиттерді ауыстыру, студенттің ауысып келген білім беру мекемесі, оның ауысып келген университеті және өзі қол қойған келісіммен кепілденеді.
Examination (exam) – емтихан
белгіленген мерзімдерде өтетін (мысалы, семестрдің соңында немесе ортасында, немесе оқудың басқа белгіленген мерзімдерінде) жазбаша немесе ауызша сынақ.
Страница 1 из 3
prikaz kz
eqar
LogoENQA Color RGB
prikaz krg ru
logodeqar
eenqa
inqa
apqn
CHEA
ihe logo