«Болашаққа бет бұру: жоғары білім беру сапасын қамтамасыз етудегі үрдістер,
проблемалар мен перспективалар»
атты білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша
Еуразиялық форум - Халықаралық конференция
2018 жылдың 20-21 қыркүйек, Астана қ.
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
«Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі» ММ (БСҚА-IQAA) 2018 жылдың 20-21 қыркүйек күндері аралығында Агенттіктің 10 жылдығына орай «Болашаққа бет бұру: жоғары білім беру сапасын қамтамасыз етудегі үрдістер, проблемалар мен перспективалар» атты Еуразиялық форум - Халықаралық конференцияны ұйымдастырады.
Кімдер қатысады?
Форумға шақырылғандар қатарында:
• Еуропалық жоғары білім берудің сапасын қамтамасыздандыру ассоциациясы (ENQA) өкілдері;
• Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі;
• Еуропа мен Ресей, Орталық Азия мен Кавказ халықаралық сарапшылар;
• БСҚА-IQAA ұлттық сарапшылары.
Форумға білім беру мекемелерінің басшыларын, басқарма мен аккредиттеу және сапаны қамтамасыз ету бойынша бөлім басшыларын, декандар мен кафедра меңгерушілерін, жоғары оқу орындары мен колледждердің оқытушыларын баяндамамен қатысуға шақырамыз.
Спикерлер кім?
Форумға Нидерланды, Бельгия, Польша, Ресей, Эстония, Молдова және Қазақстаннан келген негізгі спикерлер шақырылады.
Талқыланатын тақырыптар?
Жоспарланған Форумда келесі бағыттар бойынша пікірталастар мен баяндамалар анықталған:
• Университеттерді басқару;
• Ішкі сапаны қамтамасыз ету жүйесі және институционалдық даму;
• Студенттерге бағытталған оқытуды бағалау және білім беру сапасын қамтамамысз ету жүйесіне студенттерді тарту;
• Түлектердің сапасын қамтамасыз ету және оларды жұмысқа орналастыру.
Қатысу форматы?
Форум қатысудың үш түрін ұсынады:
• Мақаламен (ғылыми мақалар жинағында жарияланады);
• Мақаласыз;
• Қашықтықтан мақала жариялау.
Форумның жұмыс тілдері – қазақ, орыс және ағылшын тілдері.
Қатысудың пайдасы?
• Форум қорытындысы бойынша ISBN-мен ғылыми мақалалар жинағы дайындалып, жарияланады.
• Рецензенттермен ұсынылған мақалалар РҒСИ-не енгізілген МПМУ-дың «Білім берудегі педагогика мен психология» атты ресейлік журналында басылады.
• Форумға қатысушыларға белгіленген үлгіде сертификаттар беріледі.
Қатысу құны?
Форум жұмысына қатысу құны:
• ҚҚС есептемегенде 2018 ж. 1-шілдесіне дейін ерте тіркеуден өткен жағдайда бір қатысушыға – 30 000 (отыз мың) теңгені,
• аталған уақыттан кейін тіркеуден өткен жағдайда бір қатысушыға – 36 000 (отыз алты мың) теңгені,
• қашықтықтан мақаланы жариялау жағдайында – 10 000 (он мың) теңгені (бұл жағдайда төлем редакциялық комиссияның мақала,ы жариялау шешімін қабылдағаннан кейін жүргізіледі) құрайды.
Осы ақпаратты өз жұмыстарының материалдарын жариялауға мүдделі ғылыми қоғамдастық арасында таратқаныңыз үшін форумның ұйымдастыру комитеті өз ризашылығын білдіреді.
Біз ұзақ мерзімді және жемісті ынтымақтастыққа үміттенеміз әрі Сіздің ұсыныстарыңызды күтеміз.
Сіздерді Форумның қатысушылары арасында көруге қуанышты боламыз!
Барлық сұрақтармен аталмыш мекенжайға eurasianforum@iqaa.kz хабарласуға болады.
Форумға қатысу үшін осы сілтеме бойынша тіркелуге болады.
Форумға қашықтықтан қатысу үшін осы сілтеме бойынша тіркелуге болады.
ФОРУМНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ
Қосымшаларды жүктеу:
4. Мақала авторларына қойылатын талаптар