БІЛІМ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ БОЙЫНША ТӘУЕЛСІЗ АГЕНТТІГI

instagram twitter youtube facebook

Білім берудегі жоғары сапаға жәрдемдесу

Басқы бет

Лидер  1680 900 (1) min
18

Халықаралық әрiптестер

aq
Білім беру сапасын қамтамасыздандыру және аккредиттеу австриялық агенттігі
(AQ)
hceres
Hcéres - Ғылыми зерттеулер және жоғары білім беруді бағалау жөніндегі Француз Жоғары Кеңесі  

Ғылыми және жоғары білім беруді бағалау жөніндегі Жоғарғы Кеңестің өкілеттік мерзімі (Херер) 2013 жылғы 22 шілдедегі Заңмен анықталады. Оның негізгі құндылықтары тәуелсіздік, ашықтық және әділеттілік. Оның әдісі бағаланғандарға негізделген мекемелерге,оларды сүйемелдеуге және олардың прогресіндегі серіктес болуына байланысты.

www.hceres.fr

FIBAA Logo
Бизнес-әкімшіліктендіру саласындағы бағдарламаларды аккредиттеу Халықаралық қоры
(FIBAA)

FIBAA (Бизнес-әкімшіліктендіру саласындағы бағдарламаларды аккредиттеу Халықаралық қоры) – Германияның Швейцарияның және Австрияның сауда-өндірістік палаталарымен 1994 жылы құралыған аккредиттеу және жоғары білім беру сапасын сараптау бойынша халықаралық агенттігі. FIBAA бас офисі Бонн қаласында (Германия) орналасқан.

FIBAA экономика, менеджмент, құқықтану және әлеуметтік ғылымдар саласындағы білім бағдарламалары мен жоғары оқу орындарының сапасына бағалау жүргізеді.

FIBAA қызметі сараптау жолымен білім беру сапасын қолдау мен арттыруға және білім беру бағдарламалары мен мекемелеріне сапа белгілерін тағайындауға бағытталған. FIBAA өзінің мақсатын білім беруді еңбек нарығы, бизнес, студенттер және ЖОО-ның өздері үшін айқындылық деп біледі.

asiin
Инженерлік ғылымдар, информатика, жаратылыстану ғылымдары бойынша білім беру бағдарламаларын аккредиттеу агенттігі
(ASIIN)

ASIIN e. V. – Германия Федеративті Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген бірлестік. Бұл альянс алдымен 1999 жылы инженерлік ғылымдар мен информатика бойынша білім беру бағдарламаларын аккредиттеу үшін ASII коммерциялық емес қоғамдық пайдалы бірлестік құрды, содан кейін 2002 жылы өзінің мамандануын кеңейтіп, өзінің қызметіне жаратылыстану ғылымдары мен математиканы енгізді.

2000 жылы ASII, ал содан кейін ASIIN өз сапа мөрімен қатар, германдық аккредитациялық кеңестің аккредиттеу туралы мөрін тағайындау құқығын алды.

2008 жылы ASIIN қызмет саласының ары қарай кеңеюі жаңа органдар құрумен, оқыту мен білім беру саласындағы сапа менеджменті жүйесін бағалау үшін критерийлер мен рәсімдерді әзірлеумен, осыған байланысты Германия аккредитациялық кеңесінің жүйелі мөрін беруге қол жеткізумен жалғасты.

ACPUA
Арагондық сапаны бағалау мен аккредиттеу агенттігі
(ACPUA)

ACPUA Арагон (Испания) аймағындағы жоғары білім беруді бағалайтын ресми агенттік болып табылады. Ол 2005 жылы аймақтық Парламенттің заңы негізінде құрылған. Агенттіктің заңды мәртебесі өзінің мақсаттарына жету үшін заңды субъектілігі, қаражаты және мүмкіндіктері бар дербес орган (қоғамдық-заңды бірлестік) болып табылады. ANECA ұлттық испандық агенттігімен және басқа аймақтық испандық агенттіктермен қатар ACPUA Жоғары оқу орындарындағы сапаны қамтамасыз ету бойынша агенттіктердің испандық желісіне (REACU) енеді. ACPUA ENQA-ның (Европалық жоғары білім берудің сапасын қамтамасыз ету ассоциациясы) аффилирленген мүшесі болып табылады.

ANQA
Кәсіптік білім беру сапасын қамтамасыздандыру ұлттық орталығы
(ANQA)

Кәсіптік білім беру сапасын қамтамасыздандыру ұлттық орталығы кәсіптік білім беру саласындағы зерттеулерді жүзеге асыру, талдау, кеңес беру және бағалау мақсатында 2008 жылғы қарашада құрылған.

ANQA жоғары білімнің сапасын жүйелі арттыру жолында Армяндық қоғамда көпшілік сенімін, қоғамның ықпалдасуын, жауапкершілігі мен бәсекелестігін қалыптастыруға ықпал етеді.

Орталықтың мақсаты ұлттық мүдделі тараптардың қажеттілігін қабылдауға дайын, халықаралық стандарттарға сай келетін және халықаралық деңгейде хабардар етуді қамтамасыз ететін сапаны қамтамасыздардыру бойынша жүйені орнатуға түйінделеді.

ANQA Европалық жоғары білім берудің сапасын қамтамасыз ету ассоциациясының (ENQA) аффилирленген мүшесі және Жоғары білім сапасын қамтамасыздандыру агенттіктері Халықаралық желісінің (INQAAHE) мүшесі болып табылады.

http://www.anqa.am/en/NewsItems/

6960df1299ee412a853d4ee79046414a.aspx

EKKA
Жоғары және кәсіптік білім беру сапасы бойынша эстондық агенттігі
(EKKA)

2009 жылы 1-қаңтарда негізі қаланған Жоғары және кәсіптік білім беру сапасы бойынша эстондық агенттігі (EKKA) Жоғары білім беруді аккредиттеу эстондық орталығының және Жоғары білім беру сапасын бағалау бойынша эстондық кеңесінің мирасқоры болып табылады.

skvc
Жоғары білім беру сапасын бағалау орталығы (SKVC)

Центр оценки качества в высшем образовании (SKVC) - независимое литовское агентство, основанное в 1995 году. Центр реализует политику внешнего обеспечения качества высшего образования в Литве и вносит вклад в развитие человеческих ресурсов путем создания благоприятных условий для свободного передвижения специалистов. Центр был основан Министерством образования и науки Литовской Республики в качестве экспертного учреждения.

Основная функция Центра заключается в оказании помощи вузам для обеспечения качества и его постоянного совершенствования. Центр выполняет эту функцию посредством: • оценки качества высшего образования; • оценки квалификаций, относящихся к высшему образованию; • предоставления информации о системах высшего образования и признании квалификаций

msa cess logo
Колледждер мен мектептердің штаттық бірлестігі - бастауыш және орта мектептер бойынша комиссиялар
(MSA-CESS)

MSA-CESS К-12 мемлекеттік, жекеменшік, шіркеулік, жарғылық, дәреже бермейтін мекемелерді және техникалық жоғары оқу орындарын, мамандандырылған мектептерді, қосымша білім беру орталықтарын, оқу қызмет көрсету ұйымдарын және қашықтықтан білім беру мекемелерін аккредиттейді.

MSA-CESS дәстүрлі аймағы Делавэр, Мэриленд, Нью-Джерси, Нью-Йорк, Пенсильвания, Колумбия өңірін, сонымен қатар, Еуропаның, Африканың, Таяу Шығыстың, Азия субконтинентінің және әлемнің басқа өңірлерінен 85 мемлекеттің аймағын қамтиды. CESS соңғы жылдары ынтымақтастықты нығайтып, өздерінің серіктестері арқылы Құрама штаттар аймағы мен дүниежүзі бойынша аккредиттелуге ниетті мектептерді және институттарды қамтумен өзінің салалық аясын кеңейтті.

acbsp
Бизнес мектептерді және бағдарламаларды аккредиттеу бойынша Кеңес
(ACBSP)

Бизнес мектептерді және бағдарламаларды аккредиттеу бойынша Кеңес (ACBSP) бизнес білім беру үшін оқыту тәжірибесін қолдайтын және қуаттайтын жетекші мамандандырылған акрредиттеу бірлестігі болып табылады. Ассоциация лайықты оқыту тәжірибесін қамтиды және студенттерге білім алуға үйрену қажеттігін баса айтады.

ACBSP бизнес пен есепті (учет) және бизнеспен байланысты бағдарламаларды дүниежүзі бойынша қызметкер, бакалавриат, доцент және доктор дәрежесі деңгейінде аккредиттейді. Жоғары білім беруді аккредиттеу бойынша Кеңеспен (CHEA) 2001 жылы, сонымен қатар, 2011 жылы танылған, дәрежелердің барлық деңгейінде мамандандырылған аккредиттеуді алғашқы ұсынған ACBSP болды.

PKA
Польшаның аккредиттеу комитеті
(PКА)
Росаккредагентство
Білім беру саласындағы Ұлттық аккредиттеу агенттігі
(«Росаккредагентство» ФБММ)

Білім және ғылым саласында бақылау жөнінде Федералдық қызметтің ведомстволық мекемесі. Білім сапасын басқару және оған кепілдік беру жүйелерінің халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес келетін, менеджмент жүйесіне негізделетін «Росаккредагентство» ФБММ қызметі білім сапасының сыртқы кепілдігін қамтамасыз етуге және ресейлік білім беру мекемелерінің оқыту нәтижелерінің ұлттық және халықаралық деңгейлерде мойындалуына жәрдемдесуге бақытталған.

«Росаккредагентство» ФБММ қабылданатын шешімдердің тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, білім беру ұйымдарының білім беру қызметтерін мемлекеттік аккредиттеу бойынша табысталған өкілеттілікті жүзеге асыру аясында Білім және ғылым саласында бақылау жөнінде Федералдық қызмет бекіткен Мемлекеттік тапсырмаға сәйкес қызмет атқарады.

www.nica.ru

ААОПО
Білім беру бағдарламалары мен ұйымдарын аккредиттеу жөніндегі агенттік
(ААОПО)

«Білім беру бағдарламалары мен ұйымдарын аккредиттеу жөніндегі агенттік» үкіметтік емес мекеме аккредиттеу арқылы Қырғыз Республикасының кәсіптік білім беруінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.

Агенттіктің мақсаты білім беру ұйымдарын институционалдық және бағдарламалық аккредитациялау, білім беру бағдарламаларын және кәсіптік білім беру ұйымдарын аккредитациялау әдістемесін, технологияларын, стандарттарын және критерийлерін әзірлеу болып табылады. Аккредиттеу білім беру бағдарламаларының сапасын және білім беру мекемелерінің тиімділігін арттыруға бағытталған.

www.aaopo.kg

prikaz kz
eqar
LogoENQA Color RGB
prikaz krg ru
logodeqar
eenqa
inqa
apqn
CHEA
ihe logo