Талапкерлерге пайдалы ақпарат
Құрметті талапкерлер және ата-аналары,
Біздің агенттік оқу орындарын аккредиттеу арқылы қазақстандық оқу орындарының білім беру сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру және Қазақстандағы және шетелдегі мүдделі тараптарға адал еңбек атқаратын білім беру ұйымдары туралы ақпаратты ұсыну мақсатында құрылған коммерциялық емес мекеме болып табылады. БСҚА уәкілетті органның Ұлттық реестріне кіреді (2012 жылғы 27-маусымдағы ҚР БҒМ № 304 бұйрығы) және 2017 жылдың 1-маусымына дейін әрекет ететін № 001 сертификатына ие.
Жалпы, аккредиттеу – бұл үкіметтік немесе үкіметтік емес орган, орнатылған стандарттарға және критерийлерге сәйкестігін растау мақсатында, жалпы жоғары оқу орнын немесе жекелей оның бағдарламасын бағалайтын үдеріс. Бұл үдерстің нәтижесінде мәртебенің берілуі («иа/жоқ» шешімі), мойындау және кейбір мемлекеттерде белгілі бір уақыт аралығында әрекет ететін қызмет көрсетуге лицензияны беру үдерістері жүреді.
Осылайша, біз бізбен аккредиттелетін оқу орындарын және білім беру бағдарламаларын ресми түрде мойындаймыз және сіздің оқу орнын таңдауда сенімді болуыңызды қалаймыз. Ол үшін біздің сайттағы аккредиттелген жоғары оқы орындарының, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының, ғылыми-зерттеу институттарының және білім беру бағдарламаларының реестрі ұсынылған. Сонымен қатар, «Сыртқы бағалау есептері» қосымша бетінде ұсынылған оқу орындары және білім беру бағдарламалары сыртқы сарапшыларының есептерін талдай аласыз. Егер белгілі бір сыртқы бағалау есебі сайтта орналаспаған болса, бізге сұрату жіберу мүмкіндігі бар. Біз міндетті түрде бұл ақпаратты ұсынамыз.
Оқу орнының аккредиттеуден өтуі бұл ұйымның білім беру сапасын қамтамасыздандырудағы соңғы нүктесі емес. Аккредиттеу туралы мәртебе берілгеннен кейін (аккредиттелген - 5 жыл, шартты түрде 3 жылға аккредиттелген) БСҚА аккредиттеуден кейінгі мониторингті жүзеге асырады. Оның көмегімен агенттік білім беру мекемесінің қызметін жақсартуға берілген ұсыныстарды жүзеге асыруын, ескертулермен жұмыс жасауын бақылайды.
Біздің агенттік мүдделі тараптармен, әсіресе талапкерлер және олардың ата-аналарымен ашық және белсенді сұхбатқа ұмтылады. Сол себептен, «Кері байланыс» қосымша бетінде аккредиттелген оқу орындарына өзіңіздің ойыңызды білдіріп, өзіңіздің ұсыныстарыңызды беріп және қызықтырған сұрақтарыңызды қоя аласыздар.
Біздің Facebook, Twitter әлеуметтік желілеріндегі және YouTube видео-хостингіндегі ресми парақшаларымызға тіркеліңіз және біздің агенттік қызметі және аккредиттелген оқу орындары жайлы ақпараттармен таныс болыңыз.
Сіздің сеніміңіз және серіктестігіңіз біз үшін өте маңызды!