Агентство глазами экспертов. Поздравления в честь 10-летия Агентства
БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫН АККРЕДИТТЕУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
Жуда Абдулғани Басюни
Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті
университетінің ректоры
Ғылым мен техника жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген қазіргі уақыт кезеңі ұлттық бәсеке, ақпараттық сайыс, инновациялық технологиялар, күрделі экономикалық реформалар сияқты көріністермен ерекшеленеді.
Заман талабына жауап бере алатын интеллектуалды, ой-өрісі жоғары әлемдік деңгейдегі жоғары білімі бар азаматтарды тәрбиелеу – мемлекеттік ең маңызды стратегиясы. Осы бағытта Қазақстан Үкіметі де оқыту мен білім беруді дамытудың түпкілікті идеясын ұсынып отыр. Айталық, Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен.
Солардың бірегейі – білім беру жүйесін аккредиттеу. Аталған ұғымға анықтама беру үшін түсіндірме сөздікке сілтеме бере кетейік. Аккредиттеу - ЖОО-ның толық немесе жеке бағдарламаларының сапасының алдын-ала жасалынған шарттарға және стандарттарға сәйкестігін формалды түрде құптау үшін, өкіметтік, өкіметтік емес немесе жеке органдардың өткізетін бағалау процесі. Әдетте, мәртебе беру («иә/жоқ» шешімі), құптау, және кейбір жағдайларда белгілі бір мерзімде жұмыс жасауға лицензия беру, осы процестің нәтижесі болып табылады.
Ал, аккредиттеуден өтудің мақсаты – ЖОО-ның мемлекеттік кепілдіктерді алуы (оқуға арналған мемлекеттік гранттар, жеңілдіктер, кейінге қалдырулар, мемлекеттік үлгідегі диплом алу).
Қазақстан және Мысыр елдерінің достығының алтын қазығы іспеттес Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті - тек Қазақстанда ғана емес бүкіл Орта Азия бойынша өзіндік орны қалыптасқан, мақсат-міндеті айқын ислами оқу орнына айналып келеді. Білім алушылар санының жыл сайын артуы – Мемлекет тарапынан бөлінетін гранттар мен жеңілдіктерге деген сұранысты арттыра түсті. Сондай-ақ, Нұр-Мүбарак университетінің әлуеттілігін жариялау, қазақстандық білім нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату, бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыру көрсеткіштерін жақсарту, ұлттық және халықаралық деңгейде танымал болу және дүниежүзілік білім нарығында өз орнын орнықтыру мақсатында аккредиттеуден өтуге өтініш берілді.
Аккредиттеуден өтудің ең маңызды түйіні - аккредиттеуден өтетін арнайы агенттікті талдау. Көп зерттеу, ақылдау арқылы біз аккредиттеуден өтуге «Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігіне» өтініш жібердік. Жалпы, Аккредиттеу үдерісі мынадай кезеңдерден тұрды: екіжақты келісім-шарты жасалды, Нұр-Мүбарак университеті агенттік тағайындаған стандарттар мен өлшемдерге сәйкес келетіні туралы есебін жасап, өзін-өзі бағалауын өткізді және агенттікке ұсынды, есеп агенттік ұсыныстары негізінде қайта қарастырылды, арнайы сарапшылар университеттің стандарттары мен критерийлеріне сәйкестігін тексеру қорытындылары бойынша ұсынымдарымен қоса есеп жасады және соңында аккредиттеу агенттігінің шешімін күттік. Көп ұзамай арнайы сертификатқа да қол жеткіздік.
Осы барыста ерекше атап өткім келетіні - «Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігінің» өте сапалы қызметі. Аккредиттеу барысында агенттік басшылығы мен қызметкерлері үздіксіз бізбен байланыста болды. Агенттіктің өте жоғары қызмет сапасы мен қызметкерлерінің жауапкершілік сезімі - біздің көңілімізге аккредиттеуден өтуге деген үлкен үміт отын жақты, қызметімізге тың серпін берді.
«Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі» - университеттің өзінің білім беру бейімділігінің сапасын көрсетуіне, Қазақстандық және халықаралық нарықтағы білім беру қызметіндегі бәсекеге сәйкестендіруге, университеттің білім беру бағдарламасын жетілдірудің мақсатарында тәуелсіз сараптама және ұсыныстар алу үшін толық мүмкіндік екенін дәлелдеді. Агенттік дайындаған стандарттардың мазмұны жан-жақты, университеттің әлеуеттілігін толық ашуға мүмкіндіктер қарастырылған.
Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігімен университет басшылығы жасаған келісім-шарт негізінде, Нұр-Мүбарак университеті 2014 жылы сәуірде мамандандырылған аккредиттеуден сәтті өтті. Сол жылы «Исламтану» мамандғы, ал, 2018 жылы қаңтарда «Дінтану» мамандығы мамандандырылан аккредиттеуден өтіп, сертификат алды.
Осы орайда, Агенттік басшылығына, бізбен үнемі байланыста болып, қоян-қолтық қызмет жасаған Агенттіктің үйлестірушілеріне өз алғысымды білдіремін. Агенттік қызметін жоғары бағалаған Мысыр Үкіметі де агенттікке арнайы алғыс хатын жолдады.