Агенттік туралы
«Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі» мемлекеттік емес мекемесі қазақстандық және шетел оқу орындарының білім беру сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру, Қазақстандағы және шетелдегі мүдделі тараптарға адал еңбек атқаратын білім беру ұйымдары туралы ақпаратты ұсыну мақсатында құрылған коммерциялық емес мекеме болып табылады.
«Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі» (ары қарай - БСҚА) пайда түсіру масқаты жоқ, алынған таза табысы мекеме қатысушылары арасында үлестірілмейтін коммерциялық емес мекеме болып табылады.
БСҚА негізгі миссиясы - білім беру сапасын жақсартуда, оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін ұлттық және халықаралық деңгейлерде жоғарылатуда жәрдемдесу және сапа мәдениетін білім беру ұйымдарының арасында және қоғам санасында кеңінен тарату.
Білім беру ұйымдарының қызметін жақсарту келесі құралдар көмегімен жүзеге асырылады:
- еуропалық және халықаралық ережелерге сәйкес жоғары және жоғарыдан кейінгі, техникалық және кәсіптік, орта білім беру сапасын қамтамасыздандыру бойынша жүйелерді және үдерістерді әзірлеу;
- оқу орындары қызметінің сапасын қамтамасыздандыру бойынша үздік халықаралық тәжірибелерді тарату;
- білім беру жүйесінде сапа мәдениетін құру және дамыту;
- Агенттік көрсететін қызметтер арқылы білім беру ұйымдарына білім беру және ғылыми қызметтерінде тиімділікті және тұрақтылықты арттыруда жәрдемдесу.
Агенттіктің қызмет түрлері:
- заңнамалық және уәкілетті билік органдарымен және кәсіби ұйымдармен әзірленетін білім сапасын бағалау бойынша және басқа құқықтық басқару мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;
- жоғары оқу орындарын жоғары білім берудің еуропалық кеңістігіндегі еуропалық стандарттарға және басқарушы принциптеріне сәйкес білім сапасының мәселелері бойынша ақпараттық және әдістемелік қамсыздандыру;
- Қазақстанда, сонымен қатар шетелде Сапаны қамтамасыздандырудың Еуропалық стандарттары және принциптері негізінде білім беру ұйымдарының институционалдық және мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеуін ұйымдастыру және жүргізу;
- жоғары, техникалық және кәсіптік, орта білім беру саласындағы институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу стандарттарын және критерийлерін әзірлеу;
- білім сапасын қамтамасыздандыру мәселелері бойынша оқыту курстарын, семинарларды, тренингтерді, дөңгелек үстелдерді ұйымдастыру;
- сарапшыларды дайындау және оларды сертификаттау (соның ішінде шетел сарапшыларын қатыстыру);
- аккредиттеу агенттіктерімен және ұйымдарымен халықаралық ынтымақтастық, агенттік қызметінің бағытындағы халықаралық ұйымдарға мүшелік;
- білім беру ұйымдарының сапасын бағалаудағы мүдделі тараптармен (серіктестермен: жұмыс берушілермен, студенттік ұйымдармен) өзара әрекеттесу;
- білім саласындағы ғылыми-зерттеу қызметі, талдамалы қызмет көрсету.