Студенттердің аккредиттеу үдерісіне қатысуы
Біздің агенттік оқу орындарын бағалауда және студенттер мүддесін қолдауда студенттердің белсенді қатысуын қамтамасыз етеді. Білім сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігінің Ережелеріне сәйкес аккредиттеу жөнінде соңғы шешімді қабылдайтын Аккредиттеу кеңесінің, сыртқы аудит сарапшылары тобының құрамына міндетті түрде студенттер өкілдері кіреді. Сонымен қатар, студенттер міндетті түрде IQAA институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу үдерістеріне қатысады.
Жоғары оқу орындарының және білім бағдарламаларының сыртқы аудитінің сарапшылар тобында студенттердің негізгі қызметі:
- Біріншіден, студенттер өкілі жағдайды өзінің көзқарасы тұрғысынан бағалайды.
- Екіншіден, сарапшылар тобына таңдалатын студенттерде, әдетте, жоғары оқу орны деңгейінде, немесе ұлттық деңгейде осындай жұмыс тәжірибесі болады.
Студенттерді сыртқы аудитке қатысуға дайындау үшін Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі (IQAA) жалпы сарапшыларға, сондай-ақ жеке сарапшы-студентке жиі оқыту семинарларын өткізеді. Агенттіктің талдау және сапа бөлімі аккредиттеудің түрлі кезеңдері қызықты және айқын көрсетілетін, білім сапасын қамтамасыздандырудағы студенттердің рөлі түсіндірілетін арнайы студенттерге арналған ақпараттық бейне-роликтерді дайындайды.
Агенттіктің қызметі және сапаны қамтамасыздандыру рәсімдері туралы студенттерді ақпараттандыру Facebook, Twitter әлеуметтік желілеріндегі және YouTube видео-хостингіндегі агенттіктің ресми парақшалары арқылы жүзеге асырылады.