БІЛІМ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ БОЙЫНША ТӘУЕЛСІЗ АГЕНТТІГI

instagram twitter youtube facebook

Білім берудегі жоғары сапаға жәрдемдесу

Басқы бет

Лидер  1680 900 (1) min
18

Ережелер

reg1

Аккредиттеу кеңесі туралы ережелер

БСҚА Аккредиттеу кеңесі аккредиттеу жөнінде шешім қабылдауға жауапты қоғамдық алқалы орган болып табылады. Аккредиттеу кеңесі өзінің құзыретіне сәйкес агенттікке қосымша кеңес береді және осы ережеге сәйкес өзінің қызметін атқарады.

Аккредиттеу кеңесі туралы ереже Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27-маусымындағы (2014 жылғы 5-қарашадағы өзгерістермен және қосымшалармен) заңына, ҚР Білім және Ғылым министрінің 2011 жылғы 30-желтоқсандағы №556 «Аккредиттеу органдарының, аккредиттелген оқу орындарының және білім беру бағдарламаларының Ұлттық реестрін жүргізу тәртібі және талаптары» бұйрығына және әлемдік тәжірибеге сәйкес әзірленген.

БСҚА Аккредиттеу кеңесі Жоғары білім берудің еуропалық кеңістігінің сапаны қамтамасыздандыру стандарттарына және нұсқаулықтарына (ESG), IQAA 2014 жылғы 25-қыркүйекте №8/1 бұйрығымен бекітілген сыртқы сапаны қамтамасыздандыру стандарттарына, ҚР БҒМ нормативтік және құқықтық құжаттарына, БСҚА Жарғысына және нормативтік құжаттарына сәйкес өз қызметін атқарады.

Жоғары оқу орындарын институционалдық аккредиттеу жөнінде Аккредиттеу кеңесінің шешім қабылдауы туралы ережелер

Аккредиттеу кеңесі мәжілісте жоғары оқу орындарын институционалдық аккредиттеу жөнінде шешім қабылдау үшін келесі құжаттарды қарастырады: өзін-өзі бағалау есебі, сыртқы аудит нәтижелері бойынша сарапшылар тобының есебі, агенттікпен дайындалған аккредиттеу бойынша қорытынды. Аккредиттеу жөнінде шешім қабылдау барысында ұлттық және халықаралық сарапшылар, студенттер және жұмыс берушілер кіретін БСҚА сыртқы сарапшылар тобының сыртқы аудит қорытындысымен стандарттар бойынша берілген бағалар айқындаушы болып табылады.

БСҚА Аккредиттеу кеңесімен шешім қабылдау еуропалық аккредиттеу агенттіктерінің тәжірибесіне негізделген. Мұнда пайымдау пікір алгоритмі қолданылады. Жоғары оқу орны Аккредиттеу кеңесінің оны аккредиттеу бойынша шешімін анықтайтын белгілі бір балдар санына ие болады. Шешімді қабылдау үдерісінің нәтижесінің негізінде жоғары оқу орны келесі аккредиттеу мәртебелерінің біріне ие болады: «аккредиттелген», «шартты түрде аккредиттелген», «аккредиттелмеген».

Білім бағдарламаларын аккредиттеу жөнінде Аккредиттеу кеңесінің шешім қабылдауы туралы ережелер

Аккредиттеу кеңесі мәжілісте білім бағдарламаларын аккредиттеу жөнінде шешім қабылдау үшін келесі құжаттарды қарастырады: өзін-өзі бағалау есебі, сыртқы аудит нәтижелері бойынша сарапшылар тобының есебі, агенттікпен әзірленген аккредиттеу жөнінде қорытынды. Аккредиттеу жөнінде шешім қабылдау барысында ұлттық және халықаралық сарапшылар, студенттер және жұмыс берушілер кіретін БСҚА сыртқы сарапшылар тобының сыртқы аудит қорытындысымен стандарттар бойынша берілген бағалар айқындаушы болып табылады.

БСҚА Аккредиттеу кеңесімен шешім қабылдау еуропалық аккредиттеу агенттіктерінің тәжірибесіне негізделген. Мұнда пайымдау пікір алгоритмі қолданылады. Бағдарлама Аккредиттеу кеңесінің оны аккредиттеу жөнінде шешімін анықтайтын белгілі бір балдар санына ие болады. Шешімді қабылдау үдерісінің нәтижесінің негізінде білім бағдарламасы келесі аккредиттеу мәртебелерінің біріне ие болады: «аккредиттелген», «шартты түрде аккредиттелген», «аккредиттелмеген».

Аккредиттеу комитеттері туралы ережелер

Аккредиттеу комитеті - институционалдық аккредиттеу және мамандықтар (бағдарламалар) тобына бөлінген мамандандырылған аккредиттеу сарапшылары болып табылатын алқалы орган. Комитет өзін-өзі бағалау есептерін сараптамалық бағалауда жәрдемдесуді және сыртқы аудитке сарапшылар тобын қиыстыруды қамтамасыз ететін Агенттіктің бөлімшесі болып табылады.

Аккредиттеу комитеттері туралы ереже БСҚА Аккредиттеу комитетерінің құзыретін, құрылу тәртібін және қызметін ұйымдастыруды орнатады. Ереже Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына, БСҚА Жарғысына және Агенттік туралы Ережеге сәйкес әзірленген БСҚА ішкі құжаты болып табылады.

Шағымдарды қарастыру рәсімі туралы ережелер

Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі, БСҚА стратегиясында көрсетілгендей, айқындылық және есеп беруге міндеттілік қағидаларына сәйкес қызмет атқарады. Бұл сыртқы сарапшылар тобының ескертулеріне және ұсыныстарына келіспейтін жоғары оқу орындарының шағымдарына айқын және жарияланған түрде әрекет ету рәсімдерінің бар екендігін меңзейді. Шағым деп институционалдық немесе мамандандырылған аккредиттеуден өткен жоғары оқу орнының қызмет көрсету сапасына немесе агенттік үйлестірушісінің әрекетіне, немесе БСҚА сарапшылар тобы мүшелерінің әрекетіне наразылық білдіруі түсіндіріледі.

Агенттікте шағымдарды қарастырудың жеке рәсімі бар. Оқу орындарының шағымдарын қарастыру сыртқы аудит барысындағы кеткен қателіктерді анықтауға және оларды жою бойынша ұсыныстар беруге мүмкіндік береді. Наразылықтарды қарастыру қолданылатын рәсімдердің тиімділігін басқаруға және бағалауға, Агенттік қызметкерлерінің қызметінің айқындылығын және жауапкершілігін қолдауға мүмкіндік береді және БСҚА мен сыртқы сарапшылар тобы жұмысының сапасын жақсартуға бағытталған стратегияның бөлігі болып табылады.

Апелляциялық комиссия және апелляция рәсімі туралы ереже

Апелляциялық комиссия институционалдық немесе мамандандырылған аккредиттеу жөнінде Аккредиттеу кеңесі қабылдаған шешімге оқу орнының апелляциясын қарастырады. Апелляция туралы шешім Апелляциялық комиссия және апелляция рәсімі туралы ережеге сәйкес қабылданады.

Апелляциялық комиссия оқу орнының апелляциясын келесі наразылықтар бойынша қабылдайды:

- аккредиттеу рәсімінің бұзылуы;

- «деректі қателіктер» - бұл оқу орын ұсынған ақпарат сыртқы сарапшылар тобымен және Аккредиттеу кеңесімен қате қолданылғанын, нәтижесінде аккредиттеу жөнінде теріс шешім қабылдануын білідреді.

IQAA қызметкерінің ар-намыс кодексі

IQAA қызметкерінің ар-намыс кодексі жалпы қабылданған моральды-этикалық принциптерге және нормаларға сәйкес агенттік қызметкерінің тәртібінің және іскерлік қатынасының негізгі стандарттарын орнатады.

Оқу орындарын аккредиттеуге қатысу бұл білім беру ұйымының және «Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі» ММ сенімін көрсетеді және агенттік қызметкерлерінің адамгершілігіне және моральды-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қояды.

Агенттік қызметкерлері еркін түрде берілген Кодексте орнатылған іскерлік қарым-қатынастың нормаларын, принциптерін және ережелерін сақтауға міндеттеледі.

Сарапшының ар-намыс кодексі

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарын институционалдық және/немесе мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеу жөнінде сарапшының ар-намыс кодексі жалпы қабылданған моральды-этикалық нормаларға сәйкес Қазақстан Республикасының білім беру ұйымын аккредиттеу жөнінде сарапшының тәртібінің негізгі стандарттарын орнатады.

Оқу орындарын аккредиттеуге қатысу бұл білім беру ұйымының және «Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі» ММ сенімін көрсетеді және сарапшылардың адамгершілігіне және моральды-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қояды.

Аккредиттеу кеңесі мүшесінің ар-намыс кодексі

Аккредиттеу кеңесі мүшесінің ар-намыс кодексі жалпы қабылданған моральды-этикалық нормаларға сәйкес Аккредиттеу кеңесі мүшесінің тәртібінің негізгі стандарттарын орнатады.

Аккредиттеу кеңесінің жұмысына қатысу бұл білім беру ұйымының және «Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі» ММ сенімін көрсетеді және Аккредиттеу кеңесі мүшесінің адамгершілігіне және моральды-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қояды.

Аккредиттеуден кейінгі мониторинг туралы ереже

Бұл ереже Білім сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігінің Институционалдық/Мамандандырылған аккредиттеу стандарттарына сәйкес жоғары оқу орындарына және колледждерге арналып әзірленген және Агенттіктің аккредиттелген (шартты түрде аккредиттелген) білім беру ұйымдарының және/немесе білім бағдарламаларының аккредиттеуден кейінгі мониторингін жүргізу тәртібінің рәсімін және ережелерін айқындайды.

prikaz kz
eqar
LogoENQA Color RGB
prikaz krg ru
logodeqar
eenqa
inqa
apqn
CHEA
ihe logo