FAQ
ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР
Q1: Аккредиттеу дегеніміз не?
ЖОО, ТжБК немесе басқа білім мекемелерінің толық немесе жеке бағдарламаларының сапасының алдын-ала жасалынған шарттарға және стандарттарға сәйкестігін формалды түрде құптау үшін, өкіметтік, өкіметтік емес немесе жеке органдардың өткізетін бағалау процесі. Толығырақ
Q2: Білім беру ұйымы немесе білім беру бағдарламасының қай агенттікте аккредиттеуден өтетіні қалай анықталады?
ҚР Білім туралы заңына сәйкес аккредиттеу ерікті негізде жүзеге асырылады және білім беру ұйымы ұлттық аккредиттеу органдарының тізіліміне кіретін аккредиттеу агенттіктерінің ішінен кез-келгенін өз бетінше таңдауға құқылы.
Q3: Білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламаларын аккредиттеу кіммен қаржыландырылады?
ҚР Білім туралы заңына сәйкес білім беру ұйымдарын немесе білім беру бағдарламаларын аккредиттеу білім беру ұйымдары қаржысы есебінен жүзеге асырылады.
Q4: Аккредиттеуден өтуге өтініш берген кез-келген білім беру ұйымы немесе білім беру бағдарламасы аккредиттеледі ме?
ҚР Білім туралы заңына сәйкес «аккредиттеуден өткізу туралы немесе аккредиттеуді өткізуден бас тарту туралы шешімді аккредиттеу органы білім беру ұйымы өтінішінің және тізбесін аккредиттеу органы айқындайтын, ұсынылған құжаттардың қаралу нәтижелері бойынша қабылдайды».
Q5: Білім беру ұйымдарын немесе білім беру бағдарламаларын аккредиттеу мерзімі мен шарттары қандай?
ҚР Білім туралы заңына сәйкес «аккредиттеуді өткізудің шарттары мен мерзімдері білім беру ұйымы мен аккредиттеу органы арасындағы аккредиттеуді өткізу туралы шартта айқындалады».
Q6: Білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламаларын бағалау қандай талаптар негізінде жүзеге асырылады?
ҚР Білім туралы заңына сәйкес аккредиттеу «агенттігі өзінің аккредиттеу стандарттарына (регламенттеріне) сәйкес институционалдық немесе мамандандырылған аккредиттеуді жүзеге асырады». Олардың мазмұнымен осында таныса аласыз.
Q7: Қандай агенттіктер Қазақстан Республикасы территориясында білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламаларын аккредиттеуден өткізе алады?
Отандық заңнама шетелдік агенттіктердің Қазақстандық білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламаларын аккредиттеу құқытары мен іс-әрекетін шектемейді. Бұған қоса ҚР Білім туралы заңына сәйкес білім беру ұйымдары «уәкілетті органның тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында ұлттық және халықаралық институционалдық, мамандандырылған аккредиттеуден өтуге құқылы».
Дегенмен, мемлекеттік қаржыландыру мен мемлекеттік үлгідегі дипломды беру мүмкіндігі тек техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және Білім және ғылым министрлігінің тізіліміне кіретін агенттікте аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдары ғана ие бола алады (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің аккредиттеу органдарының Ұлттық тізілімін қалыптастыру туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 304 бұйрығы).
Яғни, жоғарыда аталған артықшылықтарға ие болу үшін білім беру ұйымдары институционалды аккредиттеуді ұлттық аккредиттеу агенттіктерінде, ал мамандандырылған аккредиттеуді ұлттық немесе шетелдік аккредиттеу агенттіктерінде өту қажет.
Q8: «Білім беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылдың 13 қарашадағы №398-V Заңына» сәйкес Қазақстандық білім беру ұйымдарын институционалды және мамандандырылған аккредиттеуден өткізетін, білім беру саласындағы уәкілетті органның тізіліміне енгізілген шетелдік немесе ұлттық аккредиттеу органдары білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық еуропалық желілердің толық мүшелері болу керек. IQAA осы талапты қаншалықты деңгейде орындап жатыр?
IQAA Жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыздандырудың Еуропалық ассоциациясының (The European Association for Quality Assurance in Higher Education - ENQA) толыққанды мүшесі болып табылады және Жоғары білім беру сапасын қамтамасыздандыру бойынша агенттіктердің Еуропа реестріне енгізілді (The European Quality Assurance Register for Higher Education - EQAR).
Сонымен қатар, IQAA келесі халықаралық еуропалық желілердің толық мүшесі болып табылады:
- Орталық және Шығыс Еуропа мемлекеттерінің жоғары білім беру саласындағы сапаны қамтамасыздандыру бойынша агенттік желісі (The Central and Eastern European Quality Assurance Agencies in Higher Education - CEENQA);
- Жоғары білім сапасын қамтамасыздандыру агенттіктерінің Халықаралық желісі (The International Network for Quality Assurance Agencies in Higher Education - INQAAHE);
- Сапаны қамтамасыздандырудың Азиялық-Тынықмұхиттық желісі (Asia Pacific Quality Network - APQN);
- Жоғары білім беруді аккредиттеу жөніндегі кеңес (Council for Higher Education Accreditation - CHEA).
Q9: Жоғары оқу орындарын аккредиттеу қалай жүзеге асырылады?
Институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу рәсімі еуропалық және халықаралық стандарттарға сәйкес агенттікпен әзірленген және 3 негізгі кезеңнен тұрады. Толығырақ
Q10: ТжКБ ұйымдарын аккредиттеу рәсімі қалай өткізіледі?
Институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу рәсімі еуропалық және халықаралық стандарттарға сәйкес агенттікпен әзірленген және 3 негізгі кезеңнен тұрады. Толығырақ
Q11: Білім беру ұйымын немесе білім беру бағдаламасын аккредиттеу туралы шешімді кім қабылдайды?
Білім беру ұйымының өзін-өзі бағалау есебін даярлағаннан бастап, сырқы аудиттен өткенге дейінгі аккредиттеу кезеңдері аяқталғаннан кейін, агенттік өзін-өзі бағалау мен сыртқы аудит туралы есептер мен материалдарды зерттеу негізінде Аккредиттеу кеңесіне қорытынды даярлайды.
Аккредиттеу Кеңесінің отырысы нәтижесінде қарастырылған білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламаларына қатысты келесі шешім шығарылады:
- 5 жылға аккредиттеу;
- шартпен 2 жылға дейін аккредиттеу;
- аккредиттемеу.
Жоғарыда айтылғандай қорытынды шешім Аккредиттеу кеңесімен қабылданады. Ол өз кезегінде академиялық қауымдастықтың, жұмыс берушілер мен студенттердің өкілдері енетін, сайланбалы, алқалы орган болып табылады. Аккредиттеу кеңесі нормативтік құжаттаманы бекітуге және аккредиттеу туралы шешім қабылдауға жауапты.
Q12: Білім беру ұйымы Аккредиттеу кеңесі шешімімен келіспеген немесе агенттік жұмысына шағымы болған жағдайда қай жерге хабарласу қажет?
Бұл мақсаттарда агенттік жанында шағымдар мен апелляцияларды қарастыратын арнайы құрылымдық органдар жұмыс істейді.
Егер білім беру ұйымы Аккредиттеу кеңесінің шешімімен келіспеген жағдайда агенттіктің Апелляция комиссиясына хабарласқаны абзал.
Егер де білім беру ұйымы аккредиттеу үрдісінің кез-келген кезеңінде агенттік жұмысында олқылықтарды байқаған болса, ол туралы агенттіктің шағымдар жөнінде комиссиясына бірден хабарлау қажет.
Бұған қоса агенттік сайтындағы арнайы қосымша бет КЕРІ БАЙЛАНЫС арқылы өздеріңізді қызықтыратын сұрақтарды қойып, пікірлеріңізбен бөлісіп, ескертулерді немесе ұсыныстарыңызды жеткізе аласыздар.
IQAA және оның қызметі туралы егжей-тегжейлі ақпаратты агенттіктің веб-сайтынан таба аласыздар.