Сараптамалық кеңестер
Сараптамалық кеңес – бұл институционалдық аккредиттеу және мамандықтар тобы бойынша мамандандырылған аккредиттеу аясындағы сарапшылардың ұжымдық өкілетті органы.
Сарапшылар кеңестерінің негізгі мақсаттары төмендегідей – сырттай аудит аясында сарапшылар дайындаған сырттай аудит бойынша есептердің сараптамалық бағалауын ұйымдастыруына агенттік қызметкерлеріне қолдау жасау, IQAA-ның білікті сарапшылар базасын жетілдіру және толықтыру, білім беру ұйымына сырттай аудитті өткізу үшін сарапшылар тобы құрамына келісімін беру
IQAA–да 11 Сараптамалық кеңестер құрылды:
Институционалдық аккредиттеу жөнінде сараптамалық кеңес Абимулдина Сауле Токтасыновна Институционалдық аккредиттеу жөнінде сараптамалық кеңес басшысы Биология ғылымдарының докторы, профессор, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Аккредиттеу және сапа менеджменті бөлімінің басшысы. Ғылыми-педагогикалық өтілі 37 жыл. Колледж директоры, Ет және сүт өндірісі ғылыми-зерттеу институтының директор орынбасары, «ЖОО үздік оқытушысы» ҚР БҒМ грантының иегері (2010 ж.). Сараптамалық кеңес мүшелері
|
||||||||||||||||||||||||||||
1. Білім мамандықтары жөніндегі сараптамалық кеңес Завалко Надежда Александровна Білім мамандықтары жөніндегі сараптамалық кеңес басшысы Педагогикалық ғылымдар докторы, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Педагогикалық білім беру және менеджмент кафедрасының профессоры, Педагогикалы білім беру Халықаралық ғылым академиясының академигі, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі. Кафедра меңгерушісі, жоғары колледж директоры-проректоры, үздіксіз кәсіптік білім беру институтының директоры. 200 аса ғылыми-әдістемелік еңбектердің авторы. ҚР БҒМ Бақылау және куәландыру комитетінің Сарапшылар кеңесінің мүшесі қызметін атқарды (2006-2010 жж.). «ЖОО үздік оқытушысы» ҚР БҒМ грантының екі ретті (2005, 2011 жж.). Сараптамалық кеңес мүшелері
|
||||||||||||||||||||||||||||
2. Гуманитарлық мамандықтар, құқық және бизнес жөніндегі сараптамалық кеңес Абеуова Сая Турсуновна Гуманитарлық мамандықтар, құқық және бизнес жөніндегі сараптамалық кеңес басшысы Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазтұтодағы Қарағанды экономикалық университетінің Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі. Бір жоғары оқу орнында 20 жылдық ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі бар және кафедра меңгерушісі болып 10 жылдан аса уақыт жұмыс істейді. Сараптамалық кеңес мүшелері
|
||||||||||||||||||||||||||||
3. Табиғи-ғылыми білім беру жөніндегі сараптамалық кеңес Бокаев Нуржан Адилханович Табиғи-ғылыми білім беру жөніндегі сараптамалық кеңес басшысы Физика-математикалық ғылымдар докторы, профессор, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті механика-математикалық факультеттің жоғары математика кафедрасының меңгерушісі. Кафедра меңгерушісі, факультет деканы, ҚР БҒМ фундаменталдық зерттеулер бойынша ғылыми жобалар жетекшісі, ғарыштық зерттеулер аясында көпжылдық тәжірибелерге ие. «ЖОО үздік оқытушысы» ҚР БҒМ грантының иегері (2006 және 2010 жж.). 2002 жылы Американдық биографиялық институт Н.А. Бокаевті Жыл адамы деп мойындады. Сараптамалық кеңес мүшесі
|
||||||||||||||||||||||||||||
4. Медициналық білім беру жөніндегі сараптамалық кеңес Хамзина Нургуль Калиевна Медициналық білім беру жөніндегі сараптамалық кеңес басшысы Медицина ғылымдарының докторы, медицина профессоры, С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ректоры. Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаментінің директоры, Назарбаев Университетінің біріктірілген академиялық денсаулық сақтау жүйесі департаментінің директоры қызметтерін атқарды. Н.К. Хамзина ҚР медициналық білім беруді реформалау 2006-2010, ҚР медициналық білім берудің дамыту 2011-2019, ҚР медициналық білім беруді дамыту 2007-2012 концепцияларын әзірлеуші, Назарбаев Университетінің Ғылыми орталығы («National Laboratory Astana» Жеке мекемесі), «Ұлттық медициналық орталық» АҚ клиникалары (қазір «University Medical Center» корпоративтік фонды) және медицина мектебі біріккен жұмысы кіретін біріктірілген академиялық денсаулық сақтау жүйесінің құрылу жұмыстарының үйлестірушісі. Сараптамалық кеңес мүшелері
|
||||||||||||||||||||||||||||
5. Аграрлық бағдарламалар сараптамалық кеңесі Ахметов Канат Камбарович Аграрлық (ауылшаруашылық және ветеринарлық) бағдарламалар сараптамалық кеңесінің басшысы Биология ғылымдарының докторы, профессор, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің химиялық технологиялар және табиғаттану факультетінің деканы. Декан, институт директоры, оқу-өндіріс комплексінің директоры, ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор ретінде үлкен тәжірибеге ие. «Сиббиофарм» ЖШҚ тапсырмасы бойынща қансорғыш шіркейлер дернәсілдерінің санын биологиялық бақылау үшін өзендерде «Бактицид» биологиялық препаратын қолдану технологиясының авторы (Новосибирск, Ресей). Ресей табиғаттану академиясының Н.И. Вавидов төсбелгісімен марапатталған. Сараптамалық кеңес мүшелері
|
||||||||||||||||||||||||||||
6. Өнер және қызмет мамандықтары жөніндегі сараптамалық кеңес Кульбекова Айгуль Кенесовна Өнер және қызмет мамандықтары жөніндегі сараптамалық кеңес басшысы Педагогика ғылымдарының докторы, доцент, Қазақ ұлттық хореография академиясының педагогика және хореография кафедрасының профессоры. Халық биі ансамблінің басшысы, бас балетмейстер, доцент, профессор, хореография кафедрасының меңгерушісі, декан м.а., мәдениет және өнер институтының директоры ретіндегі жұмыс тәжірибелеріне ие. Қазақстанның хореографтар одағының мүшесі, «Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері» атағының иегері. Сараптамалық кеңес мүшелері
|
||||||||||||||||||||||||||||
7. Техника мамандықтары жөніндегі сараптамалық кеңес Жилисбаева Раушан Оразовна Техника мамандықтары жөніндегі сараптамалық кеңес басшысы Техникалық ғылымдар докторы, профессор, Алматы технологиялық университетінің жеңіл өнеркәсіп және дизайн факультетінің дизайні. Факультетті басқарудың 20 жылдық тәжірибесі бар, 10 патенттің және авторлық куәліктің иегері. KITECH өнеркәсіптік технологиялар институтында (Оңтүстік Корея), Еуропалық дизайн институты (Италия), Манчестер Метрополен университетінде («Болашақ» бағдарламасымен) ғылыми тәлімдемеден өтті. «ЖОО үздік оқытушысы» грантының иегері (2010 ж.). Сараптамалық кеңес мүшелері
|
||||||||||||||||||||||||||||
8. Технологиялар мамандықтары жөніндегі сараптамалық кеңес Искаков Ринат Маратович Технологиялар мамандықтары жөніндегі сараптамалық кеңес басшысы Химия ғылымдарының докторы, профессор, К.И. Сатпаев атындағы Қазақ ғылыми зерттеу техникалық университетінің ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры. «Бейбітшілік үшін ғылым» НАТО 2 ғылыми семинарының ұйымдастыру комитетінің төрағасы ретінде, Қазақстан-Британ техникалық университетінің «Химиялық зерттеулер» Инновациялық білім беру орталығының басшысы ретінде тәжірибелерге ие. Токио қаласында Полимерлік материалдар институтында қауымдастырылған профессор қызметінде 2 жыл жұмыс істеді. «Nara Symposium on Application of Biomedical Polymer in Pharmactutics» жас ғалымдар сыйлықақысының (Жапония) иегері. Сараптамалық кеңес мүшелері
|
||||||||||||||||||||||||||||
9. Өнеркәсіп және құрылыс мамандықтары жөніндегі сараптамалық кеңес Жаксыбаева Гульнар Шайхиденовна Өнеркәсіп және құрылыс мамандықтары жөніндегі сараптамалық кеңес басшысы Техникалық ғылымдар кандидаты, доцент, Қарағанды мемлекеттік индустриалды университеттің оқу ісі жөніндегі проректоры. «Болашақ» ҚР Президентінің халықаралық шәкіртақысының түлегі (Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебі (LSE), Ұлыбритания), «ЖОО үздік оқытушысы» ҚР БҒМ грантының иегері (2009 ж.). Факультет деканы, Болон үрдісі және білім беру сапасы департаментінің директоры, проректор ретінде жұмыс тәжірибесіне ие. Ұлыбританияда, Сингапурда біліктілікті жоғарылату курстарынан өтті. Сараптамалық кеңес мүшелері
|
||||||||||||||||||||||||||||
10. Ақпараттық технологиялар, байланыс және энергетика мамандықтары жөніндегі сараптамалық кеңес Медеуов Улукбек Идрисович Ақпараттық технологиялар, байланыс және энергетика мамандықтары жөніндегі сараптамалық кеңес басшысы Техникалық ғылымдар кандидаты, доцент, Алматы байланыс және энергетика университетінің радиотехникалық факультетінің деканы. Ғылыми-педагогикалық өтілі - 35 жыл. Сараптамалық кеңес мүшелері
|
Әр сараптамалық кеңеске кеңестің мамандықтарына сәйкес Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарынан 4-5 сарапшы кіреді.