Халықаралық желілерге мүшелік
Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі (БСҚТҚА) білім беру ұйымдарында сапаны арттыру аясындағы сұрақтар бойынша агенттіктермен, қорлармен, барлық ұйымдармен әріптестікке даяр.
Білім берудің негізі ұлттық білім беру жүйесінің келешекте бәсекелестікке қабілеттілігі тәуелді болатын білім берудің сапасын қамтамасыз ету және білім берудің үнемі сапалы болуына кепілдік беру.
Жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыздандырудың Еуропалық ассоциациясы (The European Network for Quality Assurance in Higher Education, ENQA) Жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыздандырудың Еуропалық ассоциациясының (The European Association for Quality Assurance in Higher Education - ENQA), жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыздандырудың Еуропалық желісі ретінде, еуропа елдерінің осы саладағы ынтымақтастығын дамыту үшін 2000 жылы құрылды. Осындай мекеменің құрылуына, жүзеге асыру нәтижесінде сапаны қамтамасыздандыру саласындағы тәжірибе алмасудың маңыздылығын бірінші жоспарға қойған, жоғары білім сапасын бағалау бойынша еуропалық пилоттық жоба себеп болды (1994 – 1995 жж.). Жоғары білімнің сапаны қамтамасыздандыру саласындағы еуропалық ынтымақтастық идеясы, 1998 ж. 24 қырқүйекте, Еуропалық кеңес Ұсыныстарында және Болон декларациясында (1999 ж.) орын алған Еуропалық кеңестің сүйемелдеуіне ие болды. 2004 ж. қараша айында желінің Бас Ассамблеясында аталмыш ұйымды «жоғары білімдегі сапаны қамтамасыздандырудың Еуропалық ассоциациясы» - деп өзгерту туралы шешім қабылданды. ENQA құрылған күннен бастап, оның жұмысын Еуропалық комиссия қаржыландырады. ENQA миссиясы Жоғары білім сапасын қамтамасыздандырудың Еуропалық Ассоциациясының миссиясы (ENQA) еуропалық білім саласының сапасын биік деңгейге көтеру және көмек көрсет. Болон декларациясына қол қойған барлық елдерде сапаны қамтамасыздандыруды жетілдіру ENQA-ның міндеті. ENQA міндеттері
ENQA мүшелілігі Болон декларациясына қол қойған елдердің сапаны қамтамасыздандыру агенттіктерімен ынтымақтастық орнатуға, ENQA жоғары білімнің сапаны қамтамасыздандырудың Еуропалық ассоциациясының есігі ашық. ENQA мүшеліліктің екі типіне де ие: толық және кандидат мәртебесіндегі мүшелілік. Сонымен қатар, Ассоциация сапаны қамтамасыздандыру агенттіктеріне ассоциацияланған немесе афиллирацияланған мәртебелерін бере алады. Қазіргі таңда ENQA 28 мемлекеттен 51 агенттік толыққанды және 35 мемлекеттен 51 ұйым аффилирленген мүшесі мәртебесіне ие. Нақтырақ: http://www.enqa.eu/files/ENQA%20regulations%20version%20290909.pdf сайтынан біле аласыз Желі сервері: http://enqa.eu/ |
Орталық және Шығыс Еуропа мемлекеттерінің жоғары білім беру саласындағы сапаны қамтамасыздандыру бойынша агенттік желісі (The Central and Eastern European Quality Assurance Agencies in Higher Education, CEENQA) Орталық және Шығыс Еуропа мемлекеттерінің жоғары білім беру саласындағы сапаны қамтамасыздандыру бойынша агенттік желісі 2001 жылы 13-қазанда Краков қаласында (Польша) Будапешт қаласындағы (Венгрия) алғашқы кездесуден кейін бір жыл бұрын құрылды. CEENQA 2011 жылғы 4-шілдеде Дюссельдорф қаласында (Германия) ресми тіркелген болатын. Орталық және Шығыс Еуропа мемлекеттерінің жоғары білім беру саласындағы сапаны қамтамасыздандыру бойынша агенттік желісі 2001 жылы 13-қазанда Краков қаласында (Польша) Будапешт қаласындағы (Венгрия) алғашқы кездесуден кейін бір жыл бұрын құрылды. CEENQA 2011 жылғы 4-шілдеде Дюссельдорф қаласында (Германия) ресми тіркелген болатын. CEENQA үкіметтік емес және коммерциялық емес ұйым болып табылады. CEENQA жарғысына сәйкес оның мақсаты: "Орталық және Шығыс Еуропада жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету және жетілдіру салаларында желінің қызметін әзірлеу мен келісуде мүше-ұйымдардың арасындағы ынтымақтастық, осылайша, Еуропалық білім беру кеңістігінде әзірлеу мен ендіруге ықпал ету» болып табылады. |
Жоғары білім сапасын қамтамасыздандыру агенттіктерінің Халықаралық желісі (The International Network for Quality Assurance Agencies in Higher Education, INQAAHE) Жоғары білім сапасын қамтамасыздандыру агенттіктерінің Халықаралық желісі (the International Network for Quality Assurance Agencies in Higher Education, INQAAHE) 1991 жылы құрылды, қазіргі таңда ( тамыз,2011 ж.) 260 жуық мүшесі бар. INQAAHE желісі дүниежүзінде жоғары білім сапасын бағалау саласында теория және практика сұрақтарымен айналысатын ЮНЕСКО ұйымы және Дүниежүзілік даму банкі құптаған, ірі масштабты желі болып табылады. INQAAHE миссиясы: INQAAHE – жоғары білім сапасын қамтамасыздандыру агенттіктерінің ең ірі желісі. Ол сапаны қамтамасыздандыру агенттіктеріне өзара ақпараттар мен тәжірибелер алмасуларына жәрдем береді; аталмыш салада теория мен практиканы дамытуды сүйемелдейді; сапаны қамтамасыздандыру стандарттарын, кәсіби практикаларын жасайды және оларды жүзеге асырады; агенттіктердің, INQAAHE мүшелерінің, сонымен қатар, жоо, студенттер мен қоғамның мүддесінде кәсіби даму мен потенциалды өсіру жұмыстарының барлық уақытта жақсаруына көмектеседі және ынталандырады. INQAAHE мақсаттары:
INQAAHE мүшелік: INQAAHE желісіне мүшелік үш типті болуы мүмкін: толық, ассоциацияланған және афиллирацияланған. ЖООның немесе білім бағдарламаларының сапасын бағалауға жауапты ұйымдар ( аккредиттік агенттіктері; бағалау жүргізетін агенттіктер және соған ұқсас ұйымдар; аккредиттік агенттіктерінің жұмыстарын құптаумен айналысатын органдар) INQAAHE желісіне толық мүше бола алады. Ассоциацияланған мүшелік – бағалау, аккредиттеу және жоғары білім сапасын қамтамасыздандыруға үлкен қызығушылық танытқан, бірақ жоо немесе бағдарламалар сапасын қамтамасыздандыру процедураларына қатыспайтын ұйымдар. Афиллирациаланған мүшелік – бұл бағалау, аккредиттеу және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыздандыру мәселелерімен қызығатын жеке тұлғалар. Желінің барлық мүшелері басқару органдарының құрамына қабылдана алады және Бас Ассамблея жұмыстарына қатыса алады, бірақ шешім қабылдағанда тек толыққұқылы мүшелер ғана дауыс бере алады. Бүгінгі таңда INQAAHE құрамында 92 елден келген 283 мүшелер бар: 181 – толық, 90 – ассоциацияланған және 12 – аффилирацияланған мүшелер. Желі сайтында ұйымның аты, web-сайты және басқа да мәліметтері көрсетілген INQAAHE мүшелерінің толық тізімі бар http://www.inqaahe.org |
Сапаны қамтамасыздандырудың Азиялық-Тынықмұхиттық желісі (The Asia-Pacific Quality Network, APQN) Сапаны қамтамасыздандырудың Азиялық-Тынықмұхиттық желісі(the Asia-Pacific Quality Network, APQN), дүниежүзінің жартысынан астам халықтарыны өмір сүріп жатқан аймақтарында орналасқан агенттіктердің жоғары білім саласының сапасын қамтамасыздандыру үшін 2003 жылы құрылды. APQN жоғары білім сапасын қамтамасыздандырудың Халықаралық агенттіктері желісінің (INQAAHE) аймақтық желісі ретінде жұмыс жасайды. APQN желісі Дүниежүзілік банктың және ЮНЕСКОның сүйемелдеуімен құрылды. APQN миссиясы:Азиялық-Тынықмұхиты аймақтарында сапаны қамтамасыздандыру агенттіктерінің жұмыстарын дамыту және олардың арасындағы ынтымақтастықты кеңейту арқылы жоғары білім сапасын жақсарту. APQN мақсаттары:
APQN мүшелігі: Мүшелік критерийлеріне сәйкес, APQN желісінің құрамына кіретін агенттәіктер мүшеліліктің төрт типін иемденулері мүмкін: толық және арадағы мүшелік, ассоциацияланған, және институционалды мүшелік. Сонымен қатар, APQN мүшелік, Азиялық-Тынықмұхиттық аймаққа кірмейтін елдер үшін «бақылаушы» мәртебесіне де ие. Тек APQN толық мүшелері және аралық мүшелері ассоциацияның басқарушы органдарының жұмыстарына қатыса алады, ал ассоциацияланған және институционалды мүшелер, Бас Кеңестің әржылдық жалпы жиналысына және басқа да отырыстарына қатыса алады, бірақ олар дауыс беру құқығына ие бола алмайды. Қазіргі таңда APQN желісінің құрамына Азиялық-Тынықмұхиттық аймақтың 53 елінің 159 ұжымы: 36 толық мүшелер, аралық мәртебеге ие 20 агенттік, 9 ассоциацияланған мүше және желінің институционалдық мүшесі мәртебесіне ие 94 ұжымы кіреді. Сегіз мекеме бақылаушы болып табылады (Хорватия - 1, Сауд Арабиясы - 1, Ұлыбритания - 2, Германия - 1, Кувейт - 1,Тайланд - 2). APQN желісінің сайтына ұйымның аты, елі, мүшелік типі, интернет-сайты және басқа да контактілі ақпараттары көрсетілген APQN желісі мүшелерінің толық тізімі кірген: www.apqn.org |
CHEA сапа бойынша халықаралық тобы (The CHEA International Quality Group, CIQG) CHEA сапа бойынша халықаралық тобының мүшесi Нақтырақ:http://www.cheainternational.org |