Жарғы (үзінді)
Осы жарғы Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16-қаңтардағы «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілеріне сәйкес әзірленген.
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
«Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі» (ары қарай - Мекеме) мемлекеттік емес мекемесі қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарының білім беру сапасы мен бәсекелестігін арттыру үшін, адал қызмет ететін білім беру ұйымдары туралы Қазақстан мен шетелдерде мүдделі тараптар үшін ақпараттарды қалыптастыруға құрылған коммерциялық емес ұйым болып табылады.
«Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі» мемлекеттік емес мекемесі (әрі қарай – Мекеме) жеке мақсатына пайда шығарып алуды көздемейтін және табылған таза табысты Мекеме қатысушыларының арасында үлестірмейтін коммерциялық емес ұйым болып табылады.
Мекеменің ресми атауы:
1) мемлекеттік тілде: «Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі» мемлекеттік емес мекемесі;
2) орыс тілінде: негосударственное учреждение «Независимое агентство по обеспечению качества в образовании»;
3) ағылшын тілінде: Non-governmental Institution «Independent Agency for Quality Assurance in Education».
Мекеменің қысқартылған атауы:
1) мемлекеттік тілде «БСҚА»;
2) орыс тілінде: «НАОКО»;
3) ағылшын тілінде: «IQAA».
Мекеменің орналасқан жері және мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Z05H9M7, Астана қаласы, Есіл ауданы,Достық көшесі, 20 үй, 801 офис.
Мекеменің қызмет мерзімі шектелмеген.
МЕКЕМЕ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАҚСАТЫ МЕН ТҮРЛЕРІ
Мекеме қызметінің негізгі мақсаты (миссиясы) оқу орындарының білім беру сапасын жақсартуға ықпал ету мен ұлттық және халықаралық деңгейлерде олардың бәсекелестігін арттыру болып табылады.
Білім беру мекемелерінің қызметін жақсарту келесі құралдарды қолдану арқылы жүзеге асырылады:
-еуропалық ережелерге сәйкес орта, техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру сапасын қамтамасыздандырудың жүйесі мен үрдістерін әзірлеу;
-оқу орындарының сапасын қамтамасыздандыру бойынша үздік халықаралық тәжірибені тарату;
-білім беру жүйесінде сапа мәдениетін қалыптастыру және дамыту;
-мекеме жүргізетін қызметтер арқылы білім беру мен ғылыми қызметтегі тиімділік пен тұрақтылықты арттыруда білім беру ұйымдарына көмек беру.
Мекеме қызметінің түрлері:
- Заңнамалық және уәкілетті өкімет органдарымен және кәсіптік білім беру ұйымдарымен әзірленген білім беру сапасын бағалау және құқықтық реттеудің басқа да сабақтас мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;
- Еуропалық жоғары білім беру кеңістігі аймағындағы еуропалық стандарттар мен басқару принциптеріне сәйкес білім берудің сапасы мәселелері бойынша жоғары оқу орындарын ақпараттық және әдістемелік қамтамасыз ету;
- Қазақстанда, сондай-ақ шетелдерде сапаны қамтамасыздандырудың еуропалық стандарттары мен принциптері негізінде білім беру ұйымдарында институционалдық және мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеу ұйымдастыру және жүргізу;
- білім беру саласындағы халықаралық, республикалық және аймақтық конференцияларды, симпозиумдерді, көрмелерді ұйымдастыру және өткізу;
- жоғары білім беру, ТжКББ және орта білім беру салаларындағы институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу стандарттары мен критерийлерін әзірлеу;
- білім берудегісапаны қамтамасыздандыру, білім беру ұйымының менеджменті мен басқару саласындағы оқыту курстарын, семинарларды, тренингтерді, дөңгелек үстелдерді ұйымдастыру және өткізу;
- сарапшыларды әзірлеу және оларды сертификаттау (оның ішінде шетелден шетелдік сарапшыларды тарту арқылы);
- халықаралық, оның ішінде еуропалық бағдарламаларға, білім мен ғылымдағы халықаралық жобаларға қатысу;
- аккредиттеу агенттіктерімен және ұйымдарымен халықаралық ынтымақтастық, агенттік қызметінің бағыттары бойынша халықаралық ұйымдарға мүшелік;
- білім беру ұйымдарының сапасын бағалау бойынша мүдделі ұйымдармен (серіктестердің: - жұмыс берушілермен, студенттік ұйымдарымен) ықпалдасуы;
- білім беру саласындағы ғылыми- зерттеу қызметі.
АГЕНТТІКТІ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫ
Мекемені басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Жарғыға сәйкес:
а) Құрылтайшыларымен;
б) Аккредиттеу кеңесімен;
в) Мекеменің Президентімен жүзеге асырылады.
Мекемені басқарудың жоғары органы
- оның Қатысушыларының жалпы мәжілісі;
- Байқаушы кеңес;
- Аккредиттеу кеңесі;
- Атқарушы орган – Президент болып табылады.
Жалпы мәжіліс Мекеменің қызметі бойынша кез-келген мәселелерді қарастыруға және ол бойынша шешімдер шығаруға құқылы.
Мекемеде Аккредиттеу кеңесі сайланбалы өкілдік қоғамдық басқарушы орган ретінде құрылады. Аккредиттеу кеңесінің құзырына келесі мәселелер бойынша шешім қабылдау енеді.
- Аккредиттеу кеңесі туралы ережені бекіту.
- Мекеменің стратегиялық дамуын бекіту.
- Білім беру ұйымдарын институционалдық аккредиттеу бойынша шешім қабылдау.
- Білім беру ұйымдарының білім беру бағдарламаларын мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеу бойынша шешім қабылдау.
- Апелляциялық комиссия және Апелляция рәсімдері туралы ережелерді бекіту.
- Шағымдарды қарастыру рәсімдері туралы ережені бекіту.
- Білім беру ұйымдарының ішкі стандарттары мен критерийлерін бекіту.
- Білім беру ұйымдарында сыртқы сапар (аудит) жүргізу бойынша сыртқы стандарттарды бекіту.
- Аккредиттеу кеңесінің құзырын талап ететін басқа да құжаттар.
Мекеме қызметінің ағымдағы басшылығын және оның ісін жүргізуді қатысушылардың жалпы мәжілісінде сайланған Президент жүзеге асырады.