Кітапхана
-
EQUIP (2015). 2015 ж. ESG мен 2005 ж. ESG салыстырмалы талдау.
Толығырақ
Баяндамада 2015 ж. Ереванда жоғары білім беруге жауапты министрлермен қабылданған Еуропа жоғары білім беру кеңістігіндегі білім беруді қамсыздандыру стандарттары мен нұсқаулықтарындағы (ESG) өзгерістерге 2005 ж. нұсқасымен салыстырмалы түрде талдау жасалған.ENQA (2015). Еуропа жоғары білім беру кеңістігіндегі сапаны қамсыздандыру рәсімдері - сапаны қамсыздандыру агенттіктер интернационализациясы: ENQA-мен өткізілген 4-ші сауалнама. Толығырақ
Жұмыста сапаны қамсыздандыруды дамытудың басымдықтары қарастырылған. Негізгі басымдықтар ретінде сапаны қамсыздандыру рәсімдері мен жоғары білім беруді жетілдіру механизмдері айқындалады.ENQA (2014). Жоғары білім беру тұжырымдамасы Толығырақ
Баяндамада ENQA жұмыс топтарының білім беру мен білім беру бағдарламалары сапасы аясындағы зерттеу нәтижелері келтірілген.ENQA (2014). Сапаны қамсыздандыруға қол жеткізу жолындағы бірлескен жұмыс Толығырақ
Қарастырылып отырған басылымда 8-ші Еуропа форумында ұсынылған үздік мақалалар жинақталған.ENQA (2012). Еуропа жоғары білім беру кеңістігінде сапаны қамсыздандыру рәсімдері – болашаққа болжам Толығырақ
Зерттеуде Еуропа жоғары білім беру кеңістігінде сапаны қамсыздандырудың дамуы қорытындыланған. Сонымен қатар, сапаны қамсыздандыру агенттіктерге арналған басты басымдықтар айқындалған.ENQA (2011). ESG-ді ендіру мен қолдану қорытындылары (MAP-ESG жобасы) Толығырақ
Баяндамада ENQA-ның MAP-ESG жобасының қорытындылары келтірілген. Олар ESG-ді қолданудағы негізгі қиындықтармен байланысты. Сонымен қатар, баяндамада аталған бағытты жетілдірудегі нұсқаулар келтірілген.ENQA (2008). Еуропа жоғары білім беру кеңістігі және басқа да аймақтарда сапаны қамсыздандыру рәсімдері - ENQA-ның екінші сауалнама нәтижелері Толығырақ
Баяндама Еуропа жоғары білім беру кеңістігіндегі және басқа да аймақтарда сапаны қамсыздандыру агенттіктері арасында өткізілген сауалнама қорытындыларына негізделеді. -
European Students` Union (2015). Жоғары білім берудегі студентке бағытталған оқыту. European Students` Union: BrusselsТолығырақ(URL http://pascl.eu/wp-content/uploads/Overview-on-Student-Centred- gherEducationinEurope.pdf).
Зерттеуде Еуропалық, институционалды және студент деңгейінде студентке бағытталған оқытуды ендірудің негізгі саясаты мен іс-әрекеттері, сонымен қатар студенттер өзінің білім алу жолындағы тәжірибесін қалыптастыруға қатысу ынталары қарастырылады.
European Students` Union (2015). Болон үрдісіне студенттер көзқарасы. 1999 ж. анықталған мақсаттарға жететін кез келді.Толығырақ(URL http://www.esu-online.org/asset/News/6068/BWSE-2015-online.pdf). Баяндамада Болон үрдісін 1999-2015 жж. жүзеге асыру нәтижелері студенттер тарапынан қарастырылады.
European Students` Union (2015). Студенттердің «сапаға» көзқарастары: студенттер арасында өткізілген сауалнама нәтижелері.Толығырақ(URL www.esu-online.org/resourcehandler/30010f4b-c7a9-4827-93a5-84aaaaa91709/).
Зерттеу мақсаты әр түрлі білім беру бағдарламаларында және әр түрлі білім беру деңгейлеріндегі студенттердің сапа туралы түсініктерін зерттеу болып табылады.European Students` Union (2015). Студенттердің «сапаға» көзқарастары: алғы шарттары. Толығырақ
Жұмыста соңғы он жылдықтағы білім беру сапасын қамсыздандырудың саяси және тұжырымдамалық негіздері ұлттық және еуропалық деңгейде қарастырылған.European Students` Union (2015). Студенттердің «сапаға» көзқарастары: институционалды талдау қорытындылары. Толығырақ
Баяндамамда Еуропаның 5 елінде өткізілген зерттеу нәтижелері ұсынылады: студенттердің сапа туралы көзқарастары, жоғары білім беру сапасын қамсыздандыру мен студенттердің бұл үрдістерге қатысуы.European Students` Union (2013). Студенттердің «сапаға» көзқарастары: студенттерге арналған сапаны қамсыздандыру нұсқаулығы Толығырақ
Аталған нұсқаулықтың мақсаты сапаны қамсыздандыру және сыртқы аудит мәселелері бойынша студенттер ұйымдары мен сарапшы-студенттерге көмек әрі қолдау көрсету болып табылады.European Students` Union (2012). Болон үрдісіне студенттер көзқарасы. Толығырақ
Баяндамада Болон үрдісін 1999-2012 жж. жүзеге асыру нәтижелері студенттер тарапынан қарастырылады.European Students` Union (2011). Ешбір студент сырт қалмасын – жоғары білім беруде шешім қабылдауға арналған нұсқаулық. Толығырақ
Нұсқаулықта студенттер ұйымдарына көмек ретінде студенттер мүдделерін қорғаудың тиімді жолдары мен студенттердің жоғары білім берудің әр түрлі деңгейлерінде басқаруға қатысу тарихы туралы ақпарат жинақталған. -
Джамиль Салми (2009). Әлемдік деңгейдегі университеттерді құру. Толығырақ
Кітаптың орыс тіліндегі аудармасы.
Джамиль Салми өз кітабында әлемдік қоғамның көңілін әлемнің түрлі университеттерін салыстыруға мүмкіндік беретін ғаламдық академиялық рейтингтердің қазіргі таңдағы алатын орнына аударады. Ол жүйенің қазіргі күйі туралы ақпарат алуға мүмкіндік беретін түрлі статистикалық индикаторлардың, қоғамның және сарапшылардың сауалнамаларының мемлекет билігін, қоғамды және барлық мүдделі тараптарды ақпараттандырудағы мағынасының артылуын көрсетеді.
Дж. Салми кітабы 2009 жылы ақпан айында Вашингтонда басып шығарылған. Дүниежүзілік банк кітапты аудару лицензиясын және басып шығару мүмкіндігін Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігіне (БСҚА) берді.OECD (2007). Қазақстандағы жоғары білім беру. Басылымдары OECD ресми сайтында қолжетімді. Толығырақ
Ағылшын тілінде.
Бұл жинақта Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесіне: жоғары білім берудің қалыптасуына, мәселелеріне және даму мүмкіндіктеріне шолу жасалған. Баяндамада қоғам, білім саласындағы қызметкерлер, ата-аналар және студенттер алдында тұрған мәселелер тұрғысынан білім беру реформаларының негізгі даму бағыттарына талдау жүргізіледі. Баяндама қорытындысында Қазақстандағы білім беру жүйесін жақсарту бойынша практикалық ұсыныстар келтіріледі. Баяндама еңбек нарығы, қолжетімділік және теңдік, білімді қаржыландыру, басқару және менеджмент, білім сапасын қамтамасыздандыру, интернационалдандыру, зерттеулер және инновациялар мәселелерін қозғайды.Tempus (2012). Қазақстандағы жоғары білім беру. Толығырақ
Орыс тіліндегі нұсқасы.
Берілген баяндама Қазақстандағы білім беру жүйесінің қысқаша сипаттамасы болып табылады. Баяндамада Қазақстандағы интернационалдандыруды дамытуға және Қазақстанның Жоғары білім берудің еуропалық кеңістігіне кіруіне ерекше көңіл бөлінген. Баяндама тақырыбына Қазақстанның Болон үдерісін жүзеге асырудағы қазіргі кезеңдегі жетістіктері, Қазақстандық жоғары оқу орындарының Темпус бағдарламасына қатысуы, сонымен қатар Erasmus Mundus бағдарламасының арқасында студенттердің мобильділігінің дамуы кіреді.«Халықаралық жоғары білім беру» журналы
Бостон колледжінің (АҚШ) Халықаралық жоғары білім беру орталығының (CIHE) тоқсан сайынғы журналы.Толығырақ
БСҚА «Халықаралық жоғары білім беру» журналының орыс тіліндегі редакциясын 2008 жылдан 2014 жылға дейінгі аралықта ТМД мемлекеттерінің және Қазақстанның орыс тілді академиялық қоғамына арнап шығарған. «Халықаралық жоғары білім беру» журналы - бұл еркін онлайн түрінде таратылатын электронды журнал болып табылады. Оның негізгі мақсаты - жоғары білім беру саласындағы профессорлық-оқытушылық құрамға, жоғары оқу орындарының әкімшілігіне, сарапшыларға, студенттерге және барлық мүдделі тараптарға ғаламдық деңгейдегі жоғары білім беруді дамыту күйі, мәселелері, жолдары және шешімдері туралы ақпартты тарату. Қазіргі таңда, журналдың орыс тілді нұсқасы «Экономиканың жоғары мектебі» Ұлттық зерттеу университетінің редакцияында және ihe.hse.ru сілтемесімен қолжетімді.