Шағымдар жөнінде комиссия
Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз агенттігі (ары қарай – IQAA немесе Агенттік) IQAA Стратегиясында берілген ашықтық және есеп берушілік принциптеріне сәйкес қызмет етеді. Бұл сыртқы сарапшылар тобының ескертулері мен ұсынымдарына келіспеген білім беру ұйымдарының шағымдарына орай ашық және әрекет ету рәсімдерінің бар екендігін болжамдайды. Шағым ретінде институционалдық аккредиттеуден немесе білім бағдарламалары аккредиттеуден өткен ЖОО-ның қызмет сапасына немесе агенттік үйлестірушілерінің немесе IQAA сыртқы сарапшылар тобы мүшелерінің әрекеттеріне наразылық білдіруін қабылдау қажет.
Агенттіктің шағымдарды қарастыратын жеке рәсімі бар. Білім беру ұйымдарының шағымдарын қарастыру сыртқы аудитті жүргізу барысында жіберілген бұзушылықтарды анықтауға мүмкіндік береді және оларды жою бойынша ұсынымдар береді. Наразылықтарды қарастыру қолданыстағы рәсімдердің тиімділігін бақылауға және бағалауға, агенттік қызметкерлері әрекеттерінің ашықтығы мен жауапкершілігін қолдауға мүмкіндік береді, IQAA және сарапшылар комиссиясының жұмыс сапасын жақсартуға бағытталған стратегияның бөлігі болып табылады
Негізгі құрамы
Акилова Улжан Шортанбаевна IQAA шағымдар жөніндегі комиссия мүшесі Қазақ ұлттық аграрлық университетінің Аккредиттеу және рейтинг бөлімінің басшысы, техника ғылымдарының кандидаты, доцент. «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері (2008 ж.). Эразмус Мундус бағдарламасы грантының иегері (2011-2014 жж.). |
Куралбаев Зауытбек Куралбаевич IQAA шағымдар жөнінде комиссия мүшесі Алматы энергетика және байланыс университеті Компьютерлік технологиялар кафедрасының меңгерушісі. ҚР БҒМ «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен, «Академик Ержанов» алтын медалімен марапатталған, «ЖОО үздік оқытушысы» (2007 ж.) грантының иегері.
|
Қосымша құрамы
Бусурманов Жумабек Дюсешевич IQAA шағымдар жөніндегі комиссия мүшесі Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Халықаралық және конституциялық құқық кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы, профессор. «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен және «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» мерекелік медалімен; «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған; «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» (2009 ж.) грантының иегері; ҚР БҒМ «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» (2009 ж.) төсбелгісімен марапатталған. |
Жумашев Рымбек Муратович IQAA шағымдар жөніндегі комиссия мүшесі Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің бірінші проректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор. ҚР БҒМ «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен (2006 ж.), ҚР БҒМ Құрмет грамотасымен (2006 ж.), ҚР БҒМ «ҚР ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен (2007 ж.), ҚР БҒМ «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен (2012 ж.), А.Байтұрсынов медалімен (2012 ж.) марапатталған. |
Ким Наталья Павловна IQAA шағымдар жөніндегі комиссия мүшесі А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ Психология және педагогика кафедрасының профессоры. «Қазақстан Республикасы әділет органдары қылмыстық-орындаушылық жүйесінің үздігі» атағымен, ҚР БҒМ «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен (2007 ж.), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерекелік медалімен, «Ы.Алтынсарин» медалімен (2010 ж.) марапатталған. |
Куангалиева Турсынзада Куангалиевна IQAA шағымдар жөніндегі комиссия мүшесі Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті Оқу үрдісін бақылау мен жоспарлау басқармасының бастығы, экономика ғылымдарының кандидаты. ҚР БҒМ «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен марапатталған. |