Мойындау туралы Лиссабон конвенциясы
Мойындау туралы Лиссабон конвенциясы (Еуропа аймағындағы жоғары білімге тиісті біліктілікті мойындау туралы конвенция) Еуропа және ЮНЕСКО кеңесімен әзірленген және 1997 жылы 11-сәуірде Лиссабонда ұлттық өкілдермен қабылданған. Ол жоғары білім беру жүйесіндегі сәйкес біліктілікті мойындау туралы келісілген және тізбекті құрылымды құруды қарастырады. Бұл құжат қол қойған бір мемлекеттегі біліктіліктің екінші мемлекетте мойындалатынына кепілдік беру мақсатында әзірленген.
Мойындау туралы Лиссабон конвенциясының негізгі принциптері:
* Бір мемлекетте біліктілікке ие тұлға басқа мемлекетте осы біліктілігінің бағалану мүмкіндігіне ие болуы тиіс.
* Сұратылатын біліктілікті мойындаудың жалпы талаптары арасындағы елеулі айырмашылықтардың болуы дәлелденуі мүмкін жағдайлардан бөлек, әр мемлекет, оның жоғары білім беру жүйесін құрайтын бағдарламаларға қолжетімділікке рұқсат беру мақсатында, басқа мемлекетте берілген және жоғары білімге рұқсат алуға қойылатын жалпы талаптарға жауап беретін біліктілікті мойындауға тиіс.
* Басқа мемлекетте берілген жоғары білім біліктілігін мойындау нәтижесінде келесі салдар туындайды:
- жоғары білім беру жүйесінде оқуды жалғастыруға және/немесе ғылыми дәрежені алуға бағытталған бағдарламаларда дайындыққа, мойындау сұратылатын мемлекеттегі біліктілікке ие кандидатқа қолданылатын шарттарға сәйкес, қолжетімділік;
- ғылыми дәрежені мойындау сұратылатын мемлекеттің заңдарына және қаулыларына сәйкес қолдану;
- сонымен қатар, мойындау еңбек нарығына қолжетімділікті жеңілдетуі мүмкін.
Берілген ақпарат Мойындау туралы Лиссабон конвенциясының ресми құжатынан алынған.
Мойындау туралы Лиссабон конвенциясы туралы толығырақ ақпарат Еуропа кеңесінің ресми сайтында берілген.