Қазақстандағы Турин процессі
-
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (ары қарай - ҚР БҒМ) және Еуропалық білім беру қорының (ары қарай - ETF) өзара ынтымақтастығы ҚР БҒМ мен ETF арасындағы ынтымақтастық ниеті туралы қол қойылған Декларациясы (2010 жылғы 27 қыркүйектен бастап) және ҚР БҒМ мен ETF арасындағы ынтымақтастық Хаттамасы (2011 жылғы 1 қазаннан бастап) аясында жүзеге асырылады.
ҚР БҒМ ETF-пен бірлесе отырып Турин процесі аясында білім беру мен бизнес саласындағы серіктестік, кооперативті білім беру үшін кәсіптік бірім беру мен оқыту (ары қарай - КБО) жүйесі қызметкерлерінің біліктілігі, сонымен қатар КБО жүйесін жаңғыртудағы ақпараттық-талдау базасының рөлі мәселелерін талқылау бойынша халықаралық, ұлттық және аймақтық іс-шараларды өткізеді.
ҚР БҒМ мен ETF арасындағы ынтымақтастық Хаттамасы аясында:
1. Білім беру мен бизнес салалары арасындағы ынтымақтастықты шолу бойынша Турин процесін;
2. Төмендегі 3 құрамдастан тұратын мемлекеттер арасындағы «Білім беру» жобасын:
- «жұмыс орнындағы білім беруді» талдауды;
- «ресми және бейресми оқушылық» бойынша тәжірибедегі мысалдарды талдауды;
- «жұмыс орнында оқытумен айналысатын оқытушылар мен өндірістік еңбек шеберлерінің желісін» жүзеге асыру қарастырылады.
-
Қазақстандағы Турин процесі – кәсіптік білім беру мен оқыту саласындағы нақты мәліметтерге негізделген саясатты талдауды қамтитын, интерактивті процесс болып табылады.
КБО саясатының негізгі мақсаты КБО жүйесі халықаралық стандарттар мен үміттерге сәйкес болатындай, әлемдік дамуға сәйкес жүйені тегіс жаңғырту болып табылады.
-
- КБО-ны ұсынудың сапасын кең ауқымды арттыру;
- Шағын және орта кәсіпорын басымдылық танытатын экономика саласына бағытталған білім беру мен бизнес арасындағы ынтымақтастықты жақсарту;
- КБО кадрларының кәсіби дамуын жетілдіру.
-
Техникалық және кәсіптік білім беру бойынша кешенді саясатты жүзеге асыру білім беру саясаты мен экономикалық дамуды қолдау бағдарламалары, сондай-ақ салалық және аймақтық даму бағдарламалары арасындағы тығыз байланысқа негізделеді және төмендегі стратегиялық құжаттарға:
- ТжКБ мазмұнын жаңартуға, инфрақұрылымды, материалдық-техникалық базаны дамытуға, кәсіби дайындықты тәуелсіз бағалауға, корпоративті басқаруға және т.б. бағытталған, Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына;
- Индустриалды жобаларды кадрлармен қамтамасыз етуге бағытталған, үдемелі индустриалды- инновациялық дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына;
- Жұмыспен қамту бағдарламасы – 2020 сүйенеді. Бұл бағдарламаның басымдығы – жұмыспен қамтылмаған халыққа кәсіптік білім беру болып табылады.
-
КБО оқытушыларының/ шеберлерінің кәсіптік дамуы
- аймақтық орталықтар;
- 4 жылдық модульдік дайындық;
- оқытушыларды дайындау жүйесі;
- оқытушылардың жалақысы;
- оқытушылардың мансаптық өсуі.
Сапа бойынша бастамалары:
- әлеуметтік әріптестік;
- КБО құрылымын/ мазмұнын жаңарту;
- инфрақұрылым;
- КБО жүйесін басқару;
- электронды оқыту.
Бизнес және білім берудің ынтымақтастығы
- Бизнестің қатысуымен білім берудің кооперативті түрі;
- техникалық және кәсіптік білім беру мен кадрлар даярлауды дамыту бойынша Ұлттық кеңес;
- 14 салалық кеңес;
- 16 аймақтық кеңес;
- 432 қамқоршылар кеңесі;
- Кәсіпқор холдингі;
- Жұмыс берушілер мен оқу орындарының арасындағы жергілікті серіктестік.
Әлеуметтік-экономикалық контекст
- еңбекке қабілетті халықтың өсуі;
- экономикалық өсу;
- қызмет көрсету саласының өсуі;
- көші-қон/ жұмыссыздық;
- шағын және орта бизнестің, бейресми экономиканың дамуы.