БСҚА (IQAA) сапаны қамтамасыз ету саласындағы түрлі өзекті тақырыптарда семинарлар және конференцияларды тұрақты өткізіп отырады.
Кезекті шара 2015 жылғы 12- қарашада өткізілді. Семинарда Жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыздандыру және стратегиялық бағдарлау арагондық агенттігінің (ACPUA) директоры Антонио Серрано Гонзалез баяндама жасады.
Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:
1. Еуропа мен Испанияның жоғары білім беру жүйелерінің тарихы;
2. Жоғары білім берудің испандық жүйесі;
3. Испаниядағы білім беру сапасын қамтамасыздандыру;
4. Арагондағы білім беру сапасын қамтамасыздандыру;
5. Жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыздандыру және стратегиялық бағдарлау арагондық агенттігінің (ACPUA) қызметі мен міндеттері.
Семинарға агенттіктің Аккредиттеу кеңесінің және Апелляциялық комиссиясының мүшелері, Аккредиттеу комитеттерінің төрағалары, Астана қаласындағы жоғары оқу орындарының ректорлары, проректорлары және өкілдері, агенттік қызметкерлері мен сарапшылары қатысты.
Семинар соңында қатысушылар баяндамашыға қызықтырған мәселелері бойынша сұрақтар қоюға мүмкіндіктері болды, өз кезегінде Антонио Серрано Гонзалез қойылған сұрақтарға толығымен жауап берді.
Семинарды қорытындылау барысында БСҚА президенті, профессор Ш.М.Қаланова Антонио Серрано Гонзалезге шығармашылық ынтымақтастық үшін алғыс айтты.