IQAA бағалау бойынша стандарттардағы өзгерістер туралы студенттерді ақпараттандыру және жоғары оқу орындарын, колледжілерді аккредиттеу үдерістерінде белсенді және тиімді қатысуға үйрету мақсатында жүйелі түрде Қазақстанның түрлі қалаларындағы студент-сарапшыларға семинарлар өткізеді. Бұл семинардың бағдарламасы бірнеше бөлімдерден тұрды: Президенттің агенттік қызметі туралы алғы сөзі, талдау және сапа бөлімімен әзірленген ақпараттық видео-роликтерді көру, агенттік координаторларының аккредиттеу өткізу рәсімдері және стандарттарды қолдану бойынша баяндамалары.
Семинардың бірінші бөлімінде, агенттік Президенті, профессор Ш.М. Қаланова студенттермен Қазақстандағы аккредиттеу рәсімінің дамуы туралы талқылады. Ол өзінің баяндамасында Қазақстанда аккредиттеу рәсімін енгізудегі және оқу орындарындағы сапа мәденитін дамытудағы IQAA агенттігінің ролін айтып өтті. Сонымен қатар, студенттер IQAA ресми сайтының ресурстары көмегімен агенттік туралы негізгі ақпаратпен таныстырылды.
Семинардың кіріспе бөлімінен кейін, студент-сарапшылар аккредиттеу рәсімдері бойынша, оқу орындарында IQAA агенттігімен өткізілетін аккредиттеу үдерісі қол жетімді және қызықты түрде ұсынылған, ақпараттық видео-роликтерді тамашалады.
Агенттік координаторлары: сараптама және ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы, Г.З. Адильгазинов және жоғары оқу орындарының аудиті және аккредиттеуден кейінгі мониторингі бөлімінің басшысы Ж.К. Ахмадиева баяндамалары оқу орындарында білім беру сапасын қамтамасыздандыру рәсімдеріндегі студент-сарапшылардың тікелей рөлдеріне қатысты болды. Студенттер институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу стандарттарымен танысты және аккредиттеу үдерісінде белсенді және тиянақты қатысу бойынша практикалық кеңестер алды.
Бұл семинар студенттерде үлкен қызығушылық тудырды. Семинар соңында студент-сарапшылардың өздерін қызықтырған сауалдарын агенттік қызметкерлеріне коюға мүмкіндіктері болды.
Семинар соңында студенттер семинарға қатысып, аккредиттеу бойынша сарапшы ретінде өз білімдерін арттырғандары үшін сертификаттармен марапатталды.