БІЛІМ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ БОЙЫНША ТӘУЕЛСІЗ АГЕНТТІГI

instagram twitter youtube facebook

Білім берудегі жоғары сапаға жәрдемдесу

Басқы бет

Лидер  1680 900 (1) min
18

 

22. 04. 16

2016 жылдың 21-сәуірінде IQAA агенттігінде Аккредиттеу және сапаны қамтамасыздандыру Швейцария агенттігінің (AAQ) директоры, доктор Кристоф Гролимунд мырза «Швейцарияның жоғары білім беру мәнмәтініндегі аккредиттеу» тақырыбында семинар өткізді.

21.04.2016 321.04.2016 2

Доктор Кристоф Гролимунд 2010 жылдың мамыр айынан бастап Аккредиттеу және сапаны қамтамасыздандыру Швейцария агенттігінің директоры қызметіне тағайындалған. Сонымен қатар, ол ENQA вице-президенті және 2013 жылдан бастап ENQA директорлар Кеңесінің мүшесі қызметін атқарады.

21.04.2016 4

Семинарға Аккредиттеу кеңесінің мүшелері, Астананың жоғары оқу орындарының өкілдері, сарапшылар, студенттер және Агенттік қызметкерлері қатысты. Сонымен қатар, видеоконференция көмегімен семинарға М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің, Халықаралық бизнес университетінің, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің, Қазақстан-Британ техникалық университетінің және С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің өкілдері қосылды.

Өзінің баяндамасында, доктор Кристоф Гролимунд Швейцариядағы білім сапасын қамтамасыздандыру тәжірибесімен бөлісті. Соның ішінде, оның баяндамасында: Швейцариядағы жоғары білім беру жүйесі, Аккредиттеу және сапаны қамтамасыздандыру Швейцария агенттігінің(AAQ) қызметі, аккредиттеуді өткізу тақырыптары қозғалды. Кристоф Гролимунд мырза Білім сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігінің (БСҚА- IQAA) Қазақстанның жоғары оқу орындарын бағалаудағы нәтижелі еңбегін және агенттіктің сапаны қамтамасыздандырудағы үздік еуропалық тәжірибелерді ұстанатынын айтып өтті.

21.04.2016 121.04.2016 5

Семинар соңында барлық қатысушыларда, сонымен бірге видео-конференция көмегімен қосылған жоғары оқу орындарының өкілдерінде Аккредиттеу және сапаны қамтамасыздандыру Швейцария агенттігінің директорына қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндіктері болды.

Аккредиттеу және сапаны қамтамасыздандыру Швейцария агенттігі туралы ақпарат олардың ресми сайтында қол жетімді.

prikaz kz
eqar
LogoENQA Color RGB
prikaz krg ru
logodeqar
eenqa
inqa
apqn
CHEA
ihe logo