2015 жылғы 30-қарашада сағат 11.00-де ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму" Қазақстан халқына Жолдауын тікелей эфирде жариялады. БСҚА ұжымы Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Жолдауын тікелей эфирден көрді. Жолдау жаһандық дағдарыс жағдайындағы мемлекетіміздің әрекеттеріне арналды. ҚР Президентінің Жолдауы жаһандық мәселелерге жауап болды. Бұл Жолдау реті бойынша 20-шы Жолдау болып отыр.