БІЛІМ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ БОЙЫНША ТӘУЕЛСІЗ АГЕНТТІГI

instagram twitter youtube facebook

Білім берудегі жоғары сапаға жәрдемдесу

Басқы бет

Лидер  1680 900 (1) min
18

 

30. 04. 16

БСҚА өкілдері ENQA мүшелерінің 6-шы форумына қатысты (Будапешт қ., Венгрия, 28-29 сәуір, 2016 жыл)

2016 жылдың 28-29 сәуірінде Будапешт қаласында (Венгрия) ENQA мүшелерінің Алтыншы Форумы өтті. Бұл Форум Венгр Аккредиттеу Комитетімен (НАС) ынтымақтастық негізінде ұйымдастырылды.

30042016 1Форум ENQA Президенті Padraig Walsh және Венгр Аккредиттеу Комитетінің Президенті Ervin Balázs алғысөздерімен бастау алды. Бірінші күннің бағдарламасы аясында Африка мемлекеттерінің жоғары білім беру жүйелерінің сапасын қамтамасыздандыру бойынша түрлі амалдар талқыланды, сонымен қатар мойындау және алаяқтық мәселелері қарастырылды.

Форумның екінші күні қатысушыларында шетелдік жеке агенттік-өкілдерінің мысалдары негізінде сапаны қамтамасыздандырудағы агенттіктердің жұмыстарындағы инновациялармен танысуға мүмкіндіктері болды. Екінші күннің бағдарламасына сонымен бірге:

1) Сапаны және зерттеуді қамтамасыз ету;

2) Жоғары білім берудегі алаяқтық тақырыптарында талқылау бойынша қатысушылардың секциялы жұмыстары кірді.

30042016 2

Форум жұмысына Жоғары білім берудің Еуропалық кеңістігіне кіретін 32 мемлекеттен 91-ден аса қатысушылар қатысты.

Бұл іс-шара туралы толық ақпаратты ENQA ресми сайтында қол жетімді.

prikaz kz
eqar
LogoENQA Color RGB
prikaz krg ru
logodeqar
eenqa
inqa
apqn
CHEA
ihe logo