22 сәуір, бейсенбі күні ENQA-ның көктемгі Бас ассамблеясы on-line форматында өтті, оған IQAA президенті профессор Ш.М.Каланова және IQAA аға үйлестірушісі Н.С.Амантаев қатысты. Бас ассамблея аудиторлардың жылдық есебін бекітуге арналды; агенттіктегі кадрлық ауыстыру мәселелері және білім беру ұйымдарының сыртқы аудиті бойынша жаңа ұсыныстар қаралды. 2019 жылдан бастап ENQA кеңесінің мүшесі болған Дуглас Блэксток дауыс беру арқылы ENQA жаңа президенті болып сайланды.
Румыниялық ARACIS агенттігінен Даниэла Кристина Гитулице (Daniela Cristina Ghiţulică) және француздық HCERES-тен Франсуа Перно (François Pernot) ENQA-ның вице-президенттері болып қайта сайланды және Дорис Херрманмен (Doris Herrmann, AQAS, Германия) және Йоланта Силка (Jolanta Silka, AIC, Латвия) басқару мүшелері болып сайланды.
Қазынашылық қызметке ACPUA (Испания) агенттігінің директоры, профессор Антонио Серрано Гонсалес сайланды.
ENQA Бас ассамблеясының келесі ассемблеясы 2021 жылы 21-22 қазанда Испанияның Валладолид қаласында өтеді деп жоспарланған.