БІЛІМ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ БОЙЫНША ТӘУЕЛСІЗ АГЕНТТІГI

instagram twitter youtube facebook

Білім берудегі жоғары сапаға жәрдемдесу

Басқы бет

Лидер  1680 900 (1) min
18

 

22. 04. 21

ENQA мүшелерінің онлайн-форумы: Онлайн сапаны қамтамасыз ету-ENQA мүшелерінің тәжірибесі

21 04 21 1 21 04 21 2 min

2021 жылдың 21 сәуірінде Білім беру сапасын қамтамасыздандыру жөніндегі тәуелсіз агенттік (IQAA) ZOOM платформасында Жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыздандырудың Еуропалық ассоциациясы (ENQA) ұйымдастырған онлайн-форумға қатысты. Іс-шараның мақсаты Сovid-19 пандемия кезінде онлайн-режимде қалыптасқан сапаны қамтамасыз ету бойынша агенттіктер арасында өзара тәжірибемен алмасу болды.
Форум жұмысына 100-ден астам адам қатысты. Форумның модераторы ENQA директоры - Мария Кело болды. Онлайн-форматта сыртқы сапаны қамтамасыз етуді жүргізумен байланысты бірқатар аспектілерді қамтитын ENQA-ның алты мүшесінің қысқаша презентациялары ұсынылды. Бұл онлайн-форум тек ENQA мүшелері мен үлестес мүшелері үшін ғана өткізілді. IQAA атынан спикер ретінде Президент Шолпан Каланова және Талдау және сапа бөлімінің қызметкері Ғалия Рахымжанова сөз сөйледі.
Іс-шараның презентациялары және бейнежазбаларымен ENQA-ның ресми сайтында мына сілтеме бойынша танысуға болады https://www.enqa.eu/events/enqa-online-members-forum-online-quality-assurance-experiences-from-enqa-members/.
Форум барысында қатысушылар белсенді түрде сұрақтар қойды. Чатта және іс-шараның соңында ерекше сындарлы пікірталас өтті. Мұндай іс-шаралар қатысушылардың құзыреттілігін дамытуда және олардың біліктілігін арттыруда үлкен рөл атқарады.

prikaz kz
eqar
LogoENQA Color RGB
prikaz krg ru
logodeqar
eenqa
inqa
apqn
CHEA
ihe logo