2015 жылғы 15-қазанда «ХХІ ғасырдағы жоғары білім беруге қойылатын жаңа мәселелер: сапаны қамтамасыз ету нәтижелері» атты семинар өткізілді.
Презентацияны соңғы 20 жыл ішінде әлемдегі көптеген мемлекеттердің Үкіметтеріне, жер шарының барлығындағы университеттерге (80 елден аса), халықаралық және аймақтық банктер мен агенттіктерге кеңес беру қызметін көрсетіп жүрген, жаһандық үштік білім беру саласындағы жетекші сарапшы Джамиль Салми (Jamil Salmi) баяндады.
Джамиль Салми өз баяндамасында инновация үшін білімнің маңызын, жоғары білім беруге инновацияның әсерін және сапаны қамтамасыз ету нәтижелерін, оқытудағы (оқыту философиясы – оқу, ұмыту және қайта оқу) және педагогикадағы (оқытудан жеке қажеттіліктерді есепке алып оқытуға акцент жасау, оқытудың жаңа және түрлі формалары – активті, интерактивті, бірлескен және тәжірибеге негізделген оқыту) жаңа көзқарастарды атап өтті.
Жоғары білім берудің негізгі мәселелеріне автор оқуға түсетін студенттердің әлсіз академиялық дайындығын, бағдарламаларды ХХІ ғасырдың құзыреттіліктері мен дағдыларына негізделген бағдарламаларды құру және жүзеге асыруды, дәстүрлі педагогикалық тәжірибе және оқыту мен ғылыми зерттеулердің тиімсіз интеграциялануын жатқызады. Әлемнің өте қарқынды өзгеруіне байланысты алдағы уақытта біліктілік пен шынайлылығын (валидность) әр бес жыл сайын растау қажеттілігі туындайтын болады.
Сонымен қатар Джамиль Салми қатысушылардың назарын: жаңа білімді құрудың жоғары жылдамдығы; ақпараттық, коммуникативтік және технологиялық революция оқыту және білімді қолдау мен қолданудағы жаңа технологияларды инновациялық қолдануының жаңа көзқарастарына ықпал етеді; қашықтықтан оқыту және білім алушы қоғамдағы бәсекелестік жағдайларына аударды. Семинарға ҚР Мәжіліс депутаттары, ҚР Үкіметі және Парламент, ҚР БҒМ және ДСӘДМ өкілдері, агенттіктің Аккредиттеу кеңесінің және Апелляциялық комиссиясының мүшелері, Аккредиттеу комитеттерінің төрағалары, ректорлар, проректорлар және ЖОО өкілдері, Агенттіктің сарапшылары мен қызметкерлері қатысты.
Семинар соңында қатысушылардың Джамиль Салмиге сұрақ қоюға мүмкіндіктері болды. Тыңдармандар тарапынан жоғары білім беру саласындағы көптеген сұрақтар қойылды. Джамиль Салми семинар қатысушыларының барлық сұрақтарына толық жауап берді.
Семинарды қорытындылау барысында БСҚА президенті Ш.М.Қаланова бенчмаркинг, стратегиялық жоспарлау, әлемдік деңгейдегі университеттерді құру саласындағы маман ретіндегі лектордың маңызды тұлға екендігін атап өтіп, сонымен қатар «Әлемдік деңгейдегі университеттерді құру» атты кітапты ТМД елдері үшін орыс тіліне аудару мен басып шығару аясындағы шығармашылық ынтымақтастығына алғысын білдірді.