БСҚА қызметкерлерінің тобы президент, п.ғ.д., профессор Ш.М. Қаланованың басшылығымен 2016 жылғы 11-12 қаңтар аралығында Алматы қаласындағы Қазақстан-Британ техникалық университетінде «Жоғары оқу орнын сыртқы бағалау (аудит) және өзін-өзі бағалау есептерін сараптау рәсімдері» тақырыбында студенттер мен профессор-оқытушылар құрамына арналған оқыту семинарларын өткізді. ҚБТУ, Қ.И. Сатпаев атындағы ҚазҰЗТУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, UIB, І.Жансүгіров атындағы ЖМУ, және т.б. университеттердің профессор-оқытушылар құрамының және қызметкерлерінің ішінен 220 сарапшы (жалпы аймақтан 30 ЖОО және ҒЗО ішінен), сонымен қатар 29 студент-сарапшы оқытылды.
Семинар барысында сарапшылар Жоғары білімнің Еуропалық кеңістігіндегі жаңа редакциядағы Сапаны қамтамасыздандыру бойынша Еуропалық стандарттар және нұсқаулықтар (ESG) жөнінде толық ақпарат алды, институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу бойынша БСҚА қайта әзірленген стандарттарын меңгерді, сыртқы аудит рәсімдерімен танысты, аккредиттеудің жеке мәселелері бойынша ой бөлісті. Сарапшыларға үлестірме материалдар: жаңа редакциядағы ESG стандарттары, қайта әзірленген ECTS бойынша нұсқаулықтар бар брошюралар, семинар материалдары жазылған CD- дискілері таратылды. Семинар спикерлерінің баяндамаларының презентациялары агенттіктің сайтында орналастырылған.
БСҚА ұлттық сарапшылар базасы аккредиттеудің жаңа стандарттары және рәсімдері бойынша оқытудан өткен 249 куәландырылған (сертификатталған) сарапшылармен толықтырылды.
Фотосуреттердің толық галереясы