БІЛІМ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ БОЙЫНША ТӘУЕЛСІЗ АГЕНТТІГI

instagram twitter youtube facebook

Білім берудегі жоғары сапаға жәрдемдесу

Басқы бет

Лидер  1680 900 (1) min
18

 

18. 01. 16

Агенттік 2016 жылғы 13-ші және 14-қаңтарда Алматы қаласында жаңа редакциядағы стандарттар және рәсімдер бойынша «Жоғары оқу орнын сыртқы бағалау (аудит) және өзін-өзі бағалау есептерін сараптау рәсімдері» тақырыбында оқыту семинарын өткізді

БСҚА қызметкерлерінің тобы президент, п.ғ.д., профессор Ш.М. Қаланованың басшылығымен 2016 жылғы 13-14 қаңтар аралығында Шымкент қаласындағы М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Жоғары оқу орнын сыртқы бағалау (аудит) және өзін-өзі бағалау есептерін сараптау рәсімдері» тақырыбында студенттер мен профессор-оқытушылар құрамына арналған оқыту семинарларын өткізді. Мұнда М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ, Ясави атындағы ХҚТУ, ТарМПИ, ОҚМПИ, Қорқыт-Ата атындағы ҚМУ, ХГТУ, «Сырдария» университеті және т.б. (жалпы аймақтағы 15 жоғары оқу орындары ішінен) жоғары оқу орындары профессор-оқытушылар құрамының және қызметкерлерінің ішінен 156 сарапшы оқытылғаны туралы сертификаттарды қолдарына алды.

027 7

Семинар барысында сарапшылар Жоғары білімнің Еуропалық кеңістігіндегі жаңа редакциядағы Сапаны қамтамасыздандыру бойынша Еуропалық стандарттар және нұсқаулықтар (ESG) жөнінде толық ақпарат алды, институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу бойынша БСҚА қайта әзірленген стандарттарын меңгерді, сыртқы аудит рәсімдерімен танысты, аккредиттеудің жеке мәселелері бойынша ой бөлісті. Сарапшыларға үлестірме материалдар: жаңа редакциядағы ESG стандарттары, қайта әзірленген ECTS бойынша нұсқаулықтар бар брошюралар, семинар материалдары жазылған CD- дискілері таратылды. Семинар спикерлерінің баяндамаларының презентациялары агенттіктің сайтында орналастырылған.

БСҚА ұлттық сарапшылар базасы аккредиттеудің жаңа стандарттары және рәсімдері бойынша оқытудан өткен 221 куәландырылған (сертификатталған) сарапшылармен толықтырылды. 

5 16

Сонымен қатар осы жоғары оқу орындарының 65 студент-сарапшыларына аккредиттеу рәсімдері бойынша оқытылғаны туралы сертификаттар берілді.

2 15

Фотосуреттердің толық галереясы

Семинар бағдарламасы

prikaz kz
eqar
LogoENQA Color RGB
prikaz krg ru
logodeqar
eenqa
inqa
apqn
CHEA
ihe logo