БІЛІМ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ БОЙЫНША ТӘУЕЛСІЗ АГЕНТТІГI

instagram twitter youtube facebook

Білім берудегі жоғары сапаға жәрдемдесу

Басқы бет

Лидер  1680 900 (1) min
18

 

15. 12. 12

«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын тәуелсіз ұлттық аккредиттеу» республикалық семинары

15122012 5

ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Дүниежүзілік банктің «Техникалық және кәсіптік білім беруді жетілдіру» жобасының шеңберінде, Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігімен (БСҚА) 2012 жылғы 14-желтоқсанда «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын тәуелсіз ұлттық аккредиттеу» атты республикалық семинар мен дөңгелек үстел өткізілді.

Семинар бағдарламасына келесі баяндамалар кірді:

1. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын тәуелсіз ұлттық аккредиттеу: халықаралық үрдістер мәнмәтініндегі жаңа білім беру стратегиясы

Қаланова Шолпан Мұртазқызы

Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігінің ғылыми жетекшісі

2. Аккредиттеудегі заманауи үрдістер

Сербан Иосифеску

Университет алды білім беру сапасын қамтамасыздандырудан Румыния агенттігінің төрағасы, халықаралық сарапшы (Румыния)

3. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі сапаны қамтамасыздандыру және аккредиттеу

Анастасова Йочка

Халықаралық сарапшы (Болгария)

4. Білім беру ұйымдарын аккредиттеудің ұлттық үлгісі: құрылу кезеңдері, стандарттары, рәсімі

Мукатова Мариям Ергалиевна

Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігінің атқарушы директоры

15122012 2 15122012 3

Дөңгелек үстел модераторлары: Қаланова Шолпан Мұртазқызы, Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігінің ғылыми жетекшісі және Құралай Әкімқұл – ҚР БҒМ мен Дүниежүзілік банкінің «Техникалық және кәсіптік білім беруді жетілдіру» жобасының үйлестірушісі.

Семинар мен дөңгелек үстел жұмысына ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Дүниежүзілік банктің, «Кәсіпқор» қорының өкілдері, халықаралық сарапшылар (Болгария, Румыния), отандық сарапшылар, Республика колледжілерінің директорлары мен директор орынбасарлары қатысты. Қатысушылардың жалпы саны – 102 адам.

15122012 1

Дөңгелек үстел барысында:

  • ТжКБ ұйымдарын ішкі және сыртқы бағалау Стандартының жобасы;
  • Білім беру ұйымдарын институционалдық аккредиттеуін өткізу тәртібі талқыланды.

Талқылауға:

  • Анастасова Йочка, халықаралық сарапшы;
  • Сербан Иосифеску, халықаралық сарапшы;
  • Люй Александр Владимирович, Көлік колледжінің директоры, Семей қ.;
  • Старунов Виктор Ильич, Политехникалық колледж директоры, Астана қ.;
  • Кадыров Серикбай Камзович , М. Дулатұлы атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің Техникалық-экономикалық колледжі ректорының оқу ісі жөнінде орынбасары;
  • Увакасова Гульшат Татымкожановна, Технологиялық-экономикалық колледж директоры;
  • Нургазинова Асемгуль Сагиденовна, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің колледж директорының орынбасары, т.б. қатысты.

15122012 4

Дөңгелек үстел қатысушылары Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын ішкі және сыртқы бағалау Стандартына толықтырулар енгізу бойынша өздерінің ұсыныстарын айтты.

Семинардың келесі материалдарымен танысуыңызға болады:

1. Техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарын халықаралық және отандық аккредиттеу әдістемелерін және рәсімдерін шолу (орыс тілінде).

2. «Аккредиттеудегі ағымдық үрдістер» баяндамасы (ағылшын тілінде), Сербан Иосифеску.

3. «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын тәуелсіз ұлттық аккредиттеу: халықаралық үрдістер мәнмәтініндегі жаңа білім беру стратегиясы» баяндамасы (орыс тілінде), Шолпан Қаланова.

prikaz kz
eqar
LogoENQA Color RGB
prikaz krg ru
logodeqar
eenqa
inqa
apqn
CHEA
ihe logo