2015 жылдың 24-маусымында Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігінде «Жаңа редакциядағы жоғары білім беру сапасын қамтамасыздандырудың Еуропалық стандарттары және ұсыныстары» тақырыбында IQAA президенті, п.ғ.д., профессор Қаланова Шолпан Муртазовнамен және Жоғары білім берудегі сапаны бағалау Орталығы (SKVC, Литва) директорының орынбасары Аурелия Валейкине ханыммен семинар өткізілді.
Семинарға Аккредиттеу кеңесінің төрағасы, Аккредиттеу комитеттерінің мүшелері, Агенттік сарапшылары және қызметкерлері қатысты. Семинар соңында қатысушылар сертификаттармен марапатталды. Семинар қатысушыларында стандарттардың жаңа редакциясындағы негізгі өзгерістермен танысуға және Қазақстанның білім беру мекемелерінде сапаны қамтамасыздандыру барысында оларды тиімді қолдануды талқылауға мүмкіндіктері болды.