БІЛІМ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ БОЙЫНША ТӘУЕЛСІЗ АГЕНТТІГI

instagram twitter youtube facebook

Білім берудегі жоғары сапаға жәрдемдесу

Басқы бет

Лидер  1680 900 (1) min
18

 

28. 02. 15

2015 жылғы 26-27 ақпанда БСҚА «ESG стандарттары және нұсқаулықтары қайта қаралуына байланысты аккредиттеуді өткізудегі жаңа амалдар» тақырыбында семинар-тренинг өткізді

Семинар-тренингте ЖОО 100-ге жуық өкілдері: ректорлар, проректорлар, декандар, кафедра меңгерушілері, аккредиттеу мәселесімен шұғылданатын құрылымдық бөлімдер бастықтары, Қазақстанның және Ресейдің 13 қалаларынан сарапшылар қатысты.

26-ақпанда БСҚА президенті, п.ғ.д., профессор Ш. Қаланованың «IQAA институционалдық аккредиттеу стандарттары және критерийлері, сыртқы аудит стандарттары: BRUF тобымен әзірленген, ESG жаңа стандарттарының және жетекші принциптерінің жаңа редакциясына сәйкес» тақырыбындағы баяндамасы, Назарбаев университетінің Денсаулық сақтаудың Интеграцияланған Академиялық жүйесі департаментінің директоры, м.ғ.д., медицина профессоры Н. Хамзинаның «Медициналық мамандықтар жөнінде Аккредиттеу комитеті жұмысының тәжірибесі туралы» атты баяндамасы, Аккредиттеу кеңесінің мүшесі, студент А. Ораловтың «Аккредиттеу кеңесінің жұмысы туралы», сонымен қатар БСҚА Аккредиттеу және сараптама бөлімінің бастығы, п.ғ.д., профессор Г. Адильгазиновтың және бас үйлестіруші, э.ғ.к. А. Жуматаеваның баяндамалары тыңдалды және топтық тренингтер өткізілді.

27-ақпанда Агенттік қызметкерлерінің баяндамалары тыңдалды және тренинг өткізілді.

Семинар-тренинг соңында қатысушылар сертификаттармен марапатталды.

937fddda1c7325ac54cdab0bc843e929 1 bfc6c533b8562658d4df4c2ae25ffc65 9d06d260be113f7b9681a744660817b9
prikaz kz
eqar
LogoENQA Color RGB
prikaz krg ru
logodeqar
eenqa
inqa
apqn
CHEA
ihe logo