2014 жылдың 3-қазанында Назарбаев университетінде Білім сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігінің (БСҚА - IQAA) президенті, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қаланова Шолпан Мұртазқызының «Аккредиттеу: тарихқа экскурс жасау және халықаралық тәжірибе. Қазақстандағы білім сапасын қамтамасыздандырудың замануи күйі» тақырыбындағы Жоғары мектеп магистранттарына арналған дәрісі өткізілді.
Магистранттар жоғары білім беру мәселелеріне, бұл үдерістегі аккредиттеу роліне қызығушылық танытты. Аудитория белсенділік танытып, көптеген сұрақтарға дәріскердің берген жауаптарымен толық қанағаттанды.
Дәріс соңында естелікке фотосурет жасалды.
.