Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінің Оксфорд Университетімен бірлесе ұйымдастырылған, Британдық Кеңестің студенттер мобильділігі бағдарламасының қатысушыларының тобы агенттік қызметімен және Қазақстанда оқу орындарын аккредиттеу рәсімдерімен танысу мақсатында IQAA келіп қайтты. Делегация сапарының аясында, IQAA президенті, Профессор Ш.М.Қаланова бағдарлама қатысушыларына семинар өткізді. Семинар барысында Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесі, білім берудегі сапаны қамтамасыздандыру механизмдері, сонымен қатар IQAA қызметі туралы айтылды.
Семинарға ұлттық және шетел жоғары оқу орындарының өкілдері, PhD студенттері, ғылыми қызметкерлер және профессорлар қатысты. IQAA президентінің баяндамасы семинар қатысушыларында үлкен қызығушылық тудырды. Қатысушыларда өздерін қызықтырған сұрақтарды қоюға мүмкіндіктері болды. Семинар соңында, Назарбаев Университетінің ассистент-профессоры, топ үйлестірушісі Доктор Айси Ли профессор Ш.М.Қаланованы Британдық Кеңес бағдарламасы аясындағы ынтымақтастық, агенттікті көруге берілген мүмкіндік және таныстыру семинарын өткізгені үшін алғыс хатпен марапаттады.