Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Колледждерді аккредиттеу жол картасының 4-бабының «Ақпараттық-түсіндіру жұмысы» 2-тармағы «Ұлттық аккредиттеу агенттіктерінің қатысуымен білім беру ұйымдарының басшыларына аккредиттеуден өту рәсімдерін түсіндіру бойынша аймақтық семинарларды ұйымдастыру және өткізу» аясында Ақтөбе, Орал, Атырау, Ақтау қалаларында колледж басшыларына арналған «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын аккредиттеу» тақырыбындағы аймақтық семинарлар өткізілді. Бұл семинарлардың негізгі мақсаты - техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын аккредиттеуді өткізу принциптерімен, сапаны қамтамасыздандыру мәселесіндегі және даму келешегіндегі жаңа үрдістермен танысу.
Ақтөбе, 11-қазан 2016 ж. |
Атырау, 13-қазан 2016 ж. |
Орал, 12-қазан 2016 ж. |
Ақтау, 14-қазан 2016 ж. |
Семинар соңында тыңдармандармен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын аккредиттеу бойынша қызықтырған сұрақтар қойылып, БСҚА өкілдерімен қанағаттанарлық жауаптар берілді.