Кездесуге сонымен қатар «М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы» АҚ Президент-ректоры Куанышев Б.М., Қарағанды мемлекеттік индустриалды университетінің ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыс жөнінде проректоры Айкеева А.А., Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ғылыми жұмыстар және стратегиялық даму жөнінде проректоры Ахметов Т.А., М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының Ақмола колледжінің директоры Ауесбаев Е.Т., алты жоғары оқу орындарының халықаралық ынтымақтастық, оқу процесін ұйымдастыру және академиялық ұтқырлық мәселелерімен айналысатын бөлім басшылары қатысты.
IQAA Президенті Каланова Ш.М. кездесу қатысушыларына білім сапасын қамтамасыздандырудың ұлттық жүйесінің дамуы, соның ішінде IQAA қызметі туралы ақпаратты, Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бастап қазіргі таңға дейінгі жоғары білім беру жүйесінің көрсеткіштерінің статикасына және динамикасына тегжейлі көңіл бөле отырып баяндады.
Жауапты баяндамасында КАМОСО директорының орынбасары ЦЗУ Юаньюань ханым жоғары білім беру жүйесінің мемлекеттік щолуын ұсынды, «Бір белбеу - бір жол» қытай бастамасы аясында Қытай және Қазақстанның білім беру саласындағы ынтымақтастығын айтып өтті және қатысушыларды КАМОСО қызметінің бағытымен таныстырды, негізгі қызметі ретінде шетел студенттерінің Қытайда білім алуының сапасын қамтамасыздандыру көрсетілді.
«М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы» АҚ Президент-ректоры Куанышев Б.М. мырза Қытаймен ынтымақтастық тәжірибесімен бөлісті.
Делегация басшысы Чжоу Янь ханым IQAA және білім беру ұйымдарының өкілдерін 2017 ж. қазан айында өтетін Қытай жыл сайынғы халықаралық білім беру бойынша конференциясы және Экспо (China Annual Conference for International Education & Expo) жайлы хабарлады және қатысуға шақырды.
IQAA қазақстан-қытай ынтымақтастығы мәселелеріне қызығушылық танытқан барлық кездесу қатысушалырына алғысын білдіреді.