Бұл семинар студенттердің және профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығын кеңейту және күшейту, Польша ЖОО бірлесіп білім беру бағдарламаларын әзірлеу мақсатында ұйымдастырылған. Семинар барысында Польшаның жоғары білім беру жүйесіне, халықаралық ынтымақтастыққа және екіжақты студенттер алмасуына қатысты мәселелер қарастырылды.
Семинар жұмысына Қазақстан ЖОО және колледжілері, білім беру орталықтары және мектептерінің өкілдері, сонымен қатар агенттік қызметкерлері қатысты.
БСҚА президенті, п.ғ.д., профессор Каланава Ш.М. және «Перспективы» Білім қорының президенті Вальдемар Сивиньськи мырза кіріспе сөздерімен бастады. Кіріспе сөзінде БСҚА президенті семинар ұйымдастырушыларын Польшаның жоғары білім беру жүйесімен және студенттер алмасуының ерекшеліктерімен танысу мүмкіндігіне, ал қатысушыларды бұл шараға қызығушылық танытқандарына алғыс білдірді. Өз кезегінде, «Перспективы» Білім қорының президенті БСҚА қызметкерлеріне серіктестікке және бұл ақпараттық семинарды қйымдастыруға көрсеткен көмектеріне алғысын білдірді.
Польша жағынан шараға Польша ЖОО ректорларының конференциясының халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі Комиссия президенті, Ополь политехникалық университетінің ректоры, профессор Марек Тукендорф, AirTech компаниясының президенті Мартин Биернацки мырза, Тіршілік ғылымдары Варшава университетінің даму мәселелері жөніндегі проректоры, профессор Казимеж Банасикағ сонымен қатар «Перспективы» Білім қорының жобалық менеджері Юлия Лысик қатысты.
Семинар бағдарламасына Польшаның жоғары білім беру жүйесін Еуропалық өлшемі бойынша кіріспе реферат, польша-қазақстан студенттер алмасуын дамытуға арналған дөңгелек үстел кірді. «Перспективы» Білім қоры туралы қосымша ақпарат оладың ресми сайтында қолжетімді. (http://www.perspektywy.org) Шара бойынша толық фото есеп Facebook IQAA ресми парақшасында ұсынылған. Семинар барысында қарастырылған баяндамалар төмендегі сілтемелер бойынша қолжетімді: 1. Польшадағы халықаралық студенттер, 2017 (ағылшын тілінде) 2. Польшадағы жоғары білім беру жүйесінің халықаралық өлшемі (ағылшын тілінде) 3. Тіршілік ғылымдары Варшава университеті (ағылшын тілінде)