БІЛІМ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ БОЙЫНША ТӘУЕЛСІЗ АГЕНТТІГI

instagram twitter youtube facebook

Білім берудегі жоғары сапаға жәрдемдесу

Басқы бет

Лидер  1680 900 (1) min
18

 

27. 09. 17

«Атамекен» ҚР ҰКП негізінде «Рейтингтер, ЖОО сапасын бағалаудың тиімді құралы ретінде» семинары өтті

27092017 127092017 2

2017 ж. 27 қыркүйекте «Атамекен» ҰКП негізінде «Рейтингтер, ЖОО сапасын бағалаудың тиімді құралы ретінде» тақырыбында семинар өтті. Бұл шараға Білім сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігінің - БСҚА Президенті, п.ғ.д., профессор Ш.М.Каланова, «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Э.Т. Жумагазиев, «Атамекен» ҚР ҰКП әлеуметтік саласы мен әлеуметтік серіктестік комитетінің төрағасы Т.К.Доскенов, «Атамекен» ҚР ҰКП адами капиталды дамыту департаментінің директоры О.Ордабаев және «Атамекен» ҚР ҰКП басқа да өкілдері, «Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасының кеңесшісі, э.ғ.д., профессор Г.Н. Гамарник, Қарағанды мемлекеттік индустриялдық университетінің ректоры, т.ғ.д., профессор Б.А. Жаутиков, БСҚА департаменттерінің директорлары қатысты.

Семинар модераторы ретінде «Атамекен» ҚР ҰКП әлеуметтік саласы мен әлеуметтік серіктестік комитетінің төрағасы Т.К.Доскенов тағайындалды.

27092017 327092017 4

Негізгі баяндаманы БСҚА Президенті, профессор Ш.М. Каланова баяндады. Баяндама барысында Қазақстанның бірінші тәуелсіз ұлттық рейтингісінің тарихы, Берлин принциптері, БСҚА жеткен жетістіктері айтылды. Баяндамашы рейтинг методологиясын және ЖОО сапасын бағалаудың критерийлерін толық түсіндіріп өтті. Баяндамасын түйіндеу барысында, профессор Ш.М. Каланова бірлесіп бағалау және рейтинг бойынша орындарды тағайындау мақсатында жұмыс берушілер қауымдастықтарына білім беру бағдарламары бағытында өзара тығыз әрекеттестікті орнатуды ұсынды.

Қарағанды мемлекеттік индустриялдық университетінің ректоры, т.ғ.д., профессор Б.А. Жаутиков өз баяндамасында қазіргі таңда ірі жоғары оқу орындарымен бәсекелестік барысында аймақтық ЖОО алдында туындайтын мәселелер жөнінде айтып өтті.

Сонымен қатар, семинарда профессор Г.Н. Гамарник өз баяндамасында ТжКБ, жұмыстық мамандықтарды дамыту маңыздылығына, рейтинг дамуындағы «Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамының рөліне көңіл бөлді.

27092017 527092017 6

Семинар модераторы Т.К.Доскенов семинар қатысушыларын – «Атамекен» ҰКП департаменттерінің директорларын рейтингтік бағалауда белсенді қатысуға шақырды, жақсы ұсыныстар ұсынды, соның ішінде мемлекеттік және жеке меншік жоғары оқу орындарының рейтингтік бағалауын бөлек жүргізу.

Барлық бейне-суреттер Facebook желісіндегі IQAA ресми парақшасында қолжетімді.

prikaz kz
eqar
LogoENQA Color RGB
prikaz krg ru
logodeqar
eenqa
inqa
apqn
CHEA
ihe logo