2017 ж. 5 қазанда Білім сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі (БСҚА-IQAA) Еуропадан келген халықаралық сарапшылардың, Назарбаев Университетінің қауымдастырылған профессорларының және Алматы менеджмент университеті өкілдерінің қатысуымен «Студентке орталықтандырылған оқыту, білім беру және бағалау: принциптері және технологиялары» атты кезекті халықаралық оқыту семинарын өткізді.
Шараға 51 жоғары оқу орнынан, 12 ғылыми-зерттеу институттарынан және 2 колледжден жалпы 115 адам қатысты.
Семинардың ашылу салтанаты БСҚА президенті, профессор, п.ғ.д., Ш.М. Каланованың кіріспе сөзімен басталды.
Семинар бағдарламасы екі бөлімнен тұрды: пленарлық мәжіліс және 4 фокус топтардағы жұмыстар.
Пленарлық мәжіліс барысында өз баяндамаларын:
1) БСҚА-IQAA президенті, профессор, п.ғ.д., Ш.М. Каланова
IQAA Баяндама тақырыбы: «Студентке орталықтандырылған оқыту, білім беру және бағалау: негізгі принциптері, параметрлері, шарттары».
2) Профессор Эрик Фромент, жоғары білім беру саласындағы халықаралық сарапшы, Университеттердің Еуропалық қауымдастығының (EUA) президент-құрылтайшысы, Жоғары білім беру сапасын қамтамасыздандыру Еуропалық тізілімі (EQAR) комитетінің экс-төрағасы, Лион университетінің (Люмьер Лион 2) экс-президенті (Франция).
Баяндама тақырыбы: «Студентке орталықтандырылған оқытуды Еуропаның жоғары білім беруінде жүзеге асыру».
3) Лукас Бишоф мырза, жоғары білім беру саласындағы халықаралық сарапшы (Германия), Экономика жоғары мектебінің кеңесшісі және ғылыми қызметкері (Мәскеу қ.).
Баяндама тақырыбы: «Құзыреттілік және студентке орталықтандырылған білім беру негізінде оқу бағдарламаларын әзірлеу логикасы».
4) Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебінің қауымдастырылған профессоры, Сулушаш Керимкулова.
Баяндама тақырыбы: «Студентке орталықтандырылған оқыту, білім беру және бағалау жүйесіндегі интерактивтік технологиялардың мүмкіндіктері».
5) Арын Әсел Арынқызы, «Алматы менеджмент университеті» білім беру мекемесінің өкілі
Баяндама тақырыбы: «Студентке орталықтандырылған оқыту барысындағы заманауи оқытушы».
Семинардың екінші жартысында 4 фокус топтарда жұмыстар жүргізілді. Модераторлар ретінде Сулушаш Керимкулова, Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебінің қауымдастырылған профессоры, Дуйшон Шаматов, Назарбаев Университетінің қауымдастырылған профессоры, Лукас Бишоф, жоғары білім беру саласындағы халықаралық сарапшы (Германия) және Альбина Салимбаева, Алматы менеджмент университетінің статегиялық менеджмент және жобаларды басқару саласындағы сарапшы. Семинардың толық бағдарламасымен осы сілтеме арқылы танысуға болады.
Семинар қатысушыларда үлкен қызығушылық тудырды. Өз кезегінде, семинар тыңдармандары барлық спикерлерге, модераторларға және шараны ұйымдастырушыларға алғысын білдірді, өздерінің жағымды әсерімен бөлісті және Агенттікке жақсы тілектерін білдірді.
Семинар соңында фокус тортардың модераторлары жұмыстарының қорытындысын шығарды. Халықаралық оқыту семинарының нәтижесі бойынша барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталды.
Үлестірме материал ретінде барлық қатысушылар «Студентке орталықтандырылған оқыту: жоғары оқу орны студенттеріне және профессор-оқытушылар құрамына арналған инструментарий. - Брюссель, 2010 ж.», «Студентке орталықтандырылған оқыту: теорияны және практиканы терең түсінігі. – Бухарест, 2010 ж.» әдістемеліктерінің орыс тіліне аударылған нұсқаларын алды.
Семинар бойынша барлық бейне суреттер IQAA ресми Facebook парақшасында қолжетімді.
Ұсынылған кез келген материалдардың қолданылуына тек iqaa.kz сайтына гиперсілтеменің болуымен ғана рұқсат беріледі.