Бұл мастер-классты жоғары білім беру саласындағы халықаралық сарапшы (Германия), Экономика жоғары мектебінің кеңесшісі және ғылыми қызметкері (Мәскеу қ.) Лукас Бишоф өткізді.
Мастер-класс жұмысына әдістемелік қызметтер басшылары, кафедра меңгерушілері, жоо және ғылыми-зерттеу институттарының оқытушылары болып қызмет атқаратын 35 адам қатысты.
Бір күндік жұмыс барысында оқытудың жоспарланған нәтижелерін ескере білім беру бағдарламаларын әзірлеу алгоритмі, осы оқыту нәтижелерін құру жолдарын басқару әдістері, басқарудың тиімді құралдарын таңдау қарастырылды.
Мастер-клас қатысушыларында түлектердің сәтті жұмысқа орналасуына және тұлғалық дамуына қажет икем мен қабілеттіктері бар жоғары білікті студенттерді оқыту үшін оқыту нәтижелерін тиянақтаудың және құзыреттіліктің тиімді әдістеріне үйренуге мүмкіндіктері болды. Мастер-класс жұмысы брейнсторм түрінде өтті және топ ішінде белсенді талқыланды.
Мастер-класс соңында барлық қатысушылар Лукас Бишов мырзаны үздік мастер-класс өткізгеніне және агенттікті жақсы ұйымдастырылған шараға алғыстарын білдірді.
Мастер класс бойынша барлық фотосуреттер IQAA ресми Facebook парақшасында қолжетімді.
Материалдардың кез келген қолданысы тек iqaa.kz гиперсілтемесінің болуымен ғана рұқсат етіледі.