БІЛІМ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ БОЙЫНША ТӘУЕЛСІЗ АГЕНТТІГI

instagram twitter youtube facebook

Білім берудегі жоғары сапаға жәрдемдесу

Басқы бет

Лидер  1680 900 (1) min
18

 

14. 12. 12

2012 жылғы 14 желтоқсанда Білім беру сапасын қамсыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі (БСҚА) "Техникалық және кәсіби білім ұйымдарының тәуелсіз ұлттық аккредиттеуі" тақырыбында Республикалық семинары мен дөңгелек үстел өткізді.

1 2 3

Республикалық семинар барысында «Техникалық және кәсіби білімді жаңғырту» Дүниежүзілік банк жобасының аясында және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы бойынша БСҚА әзірлеген Техникалық және кәсіби білім ұйымдарының институционалдық аккредиттеуінің ішкі және сыртқы бағалау стандарты мен Рәсімі тәртібінің жобасы ұсынылды.

Республикалық семинар аясында білім беру мекемелерінің институционалдық және мамандандырылған аккредиттудің заманауи аспектілері, олардың ерекшеліктері және өзара қатынастары, Қазақстанда аккредиттеуді енгізудің негізгі мақсаттары, сонымен қатар, отандық білім беру мекемелерінің өзіндік сапамен қамтамасыздандыру жүйелеріне қолдау жасау жолдары мен формалары қарастырылды.          3 1 4 1

Республикалық семинар жұмысына Румыния, Турция, Грузия, Молдовада жобалар бойынша жұмыс жасаған доктор Йочка Анастасова (Болгария); Техникалық және кәсіби білім беру мекемелерін сапамен қамтамсыздандыру бойынша Румын агенттігінің төрағасы доктор Шербан Йосифеску, Дүниежүзілік банк өкілдері, білім басқармаларының жетекшілері, республиканың барлық аймақтарының колледж директорлары және орынбасарлары қатысты.

5 1 6

Сарапшылық талқылау техникалық және кәсіби білім ұйымдарын аккредиттеу, ұлттық білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, Турин процесі мәтінінде халықаралық аккредиттеу үлгісін енгізу туралы сұрақтар бойынша ұсыныстар жасауға мүмкіндік берді.

prikaz kz
eqar
LogoENQA Color RGB
prikaz krg ru
logodeqar
eenqa
inqa
apqn
CHEA
ihe logo