Талқылауға ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, Қазақстандағы Erasmus+ кеңсесінің өкілі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 32 жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.
Кездесуді БСҚА Президенті, профессор Қаланова Ш.М. ашты, ол ұлттық талқылаудың маңыздылығын атап өтті, себебі бұл жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің барлық жүйесіне, атап айтқанда PhD докторанттарының дайындығына арналған НҚА-не қатысты. Талқылауға БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің басқарма басшысы Ш.Сүлейменова қатысты.
Бағдарламаға сәйкес, Қазақстандағы Erasmus + ұлттық кеңсесінің директоры Т.Ш.Тасболатоваға сөз берілді, докторанттар арасында жүргізілген социологиялық сауалнама нәтижелерімен БСҚА бас сарапшысы А.С.Асылбекова таныстырды, «Қазақстандағы докторантура бағдарламаларды жетілдіру бойынша ұсыныстар» атты баяндамасымен БСҚА департаментінің директоры А.А.Таджибаева сөз сөйледі.
Әрбір жаңа тармақты талқылау барысында қызу пікірталас туындады, әр ұйымның өкілдері НҚА-не қосу үшін өздерінің дәлелдерін келтірді, НҚА өзгерістерін өңделгеннен кейін мына веб-сайтта http://c3qa.iqaa.kz/ ұсынылады.