2018 жылдың 15 қазанында Білім беру сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі "Сыртқы сараптамалық топты оқыту және есептер дайындау" тақырыбында жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша халықаралық конференция өткізді.
Іс-шараға 160-тан астам адам қатысты: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшылары, аккредитациялау және сапаны қамтамасыз ету басқармалары мен бөлімдерінің бастықтары, декандар, кафедра меңгерушілері, ЖОО мен ТжКБ ұйымдарының қызметкерлерінен тұратын ұлттық сарапшылар, оқытушылар мен студенттер.
Франция, Бельгия, Испания, Армения елдерінен келген шетелдік сарапшылар сыртқы сараптамалық топты (ССТ) оқыту және ССТ есептерін дайындау мәселелері бойынша өздерінің тәжірибелерімен бөлісті. Конференция соңында қатысушыларға конференцияға қатысқандықтары туралы сертификаттар берілді.
Конференция бағдарламасы және материалдарымен келесі парақшадан танысуға болады.
Толық фоторепортаж IQAA-ның ресми Facebook парақшасында бар.