2015 жылдың 5 қазанында «Еуропалық аймақтарға екпін жасай отырып, жоғары білім берудегі негізгі халықаралық үрдістерге шолу жасау, олардың саяси міндетке сәйкестігі, сапаны бағалау ролі» атты тақырыпта семинар өткізілді.
Презентацияны баяндаған, Академиялық рангтерді анықтау және жоғары сапа бойынша Халықаралық IREG обсерваториясының президенті, ЮНЕСКО- СЕПЕС жоғары білім бойынша Еуропалық орталықтың экс- директоры, сонымен қатар жоғары білімді басқару мен экономика саласындағы көрнекті сарапшы –профессор Ян Садлак.
Профессор Ян Садлак өзінің баяндамасында жоғары білім беру дамуындағы заманауи үрдістерді және олардың ЖОО жұмысына әсерін, жоғары білім берудің Еуропалық кеңістігін жақсарту стратегиясын, білім сапасын бағалау, аккредитация, бенчмаркинг пен академиялық рейтинг сұрақтарын ұсынды.
Семинарға Қазақстан Республикасы Мәжіліс Парламентінің депутаты, профессор В. Бишимбаев, агенттіктің Аккредиттеу Кеңесінің мүшелері: профессор, з.ғ.д. С. Ударцев, ҚР ҰКП Әлеуметтік сала және әлеуметтік әріптестік жөніндегі комитетінің төрағасы, э.ғ.д., профессор Т. Доскенов, агенттіктің Аппеляциялық комиссия мүшелері: профессорлар, з.ғ.д. Ш. Тлепина және К. Жиренчин, Назарбаев Университеті білім беру мектебінің орындаушы директоры, ф.ғ.д., доцент А. Сагинтаева, Аккредиттеу комитетінің төрағалары: профессор, м.ғ.д., Назарбаев Университеті департаментінің директоры Н.Хамзина, профессор, п.ғ.д., А. Молдажанова, Астана қ. ЖОО өкілдері, Агенттіктің эксперттері мен қызметкерлері қатысты.
БСҚА президенті, Қаланова Ш.М., өзінің құттықтау сөзінде баяндаманың маңыздылығын атап өтті, себебі Агенттік өзінің жұмысында Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында білім сапасын қамтамасыз ету үшін еуропалық тәжіриқолданады, таратады және зерттейді.