Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі 2020 жылғы 16 қазанда «Пандемия жағдайындағы қашықтықтан білім беру: оқыту, үйрету және бағалау» тақырыбында жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша жыл сайынғы III Еуразиялық форумын өткізеді.
Форум бағдарламасына қазақстандық жетекші университеттердің өкілдері, ректорлары және проректорлары қашықтықтан білім беруді жүзеге асырудағы жоғары оқу орындарының тәжірибесін ұсынады. Сонымен қатар форумда Австрия, Ұлыбритания, Қырғызстан, Литва, Ресей, Украина және Эстония аккредиттеу агенттіктері мен университеттерінің өкілдері де баяндама жасайтын болады.
Форумға агенттіктің халықаралық сарапшылары, ұлттық сарапшылар, университет басшылары мен бөлім басшылары, декандар, кафедра меңгерушілері, оқытушылар мен студенттер шақырылады.
Халықаралық форум қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі (cинхронды аударма).
Форумға қатысу ақылы. Егер 2020 жылғы 12 қазанға дейін өтінім берсеңіз, қатысу құны 3000 теңгені құрайды. 12 қазаннан кейін төлем ақысы 5000 теңгені құрайтын болады.
Төлемді келесі тәсілдермен жүзеге асыруға болады:
Жеке тұлғалар үшін: |
Заңды тұлғалар үшін: |
Форум ZOOM платформасында қашықтықтан өтеді.
Форум қатысушыларына қатысқаны туралы сертификат беріледі.
Форум нәтижесі бойынша барлық материалдар агенттіктің сайтында тіркелген қатысушыларға ғана қол жетімді болады.
Өтінім беру мен төлем жасаудың соңғы мерзімі - 2020 жылғы 15 қазан сағат 14.00.
Форумның бағдарламасы мен материалдары кейінірек ұсынылады.
Барлық сұрақтар бойынша: international-conference@iqaa.kz және тел.: +7 (7172) 48-63-74 хабарласуыңызды сұраймыз.






















