2015 жылғы 22-23 қазан аралығында Ирландия астанасы Дублин қаласында ENQA-ның ENQA-ға 15 жыл Алтыншы Бас Ассамблеясы өтті, іс- шараның ұйымдастырушысы – Сапа және біліктілік ирландиялық агенттігі QQI болды.
Іс-шара Дублин қамалының конференц-орталығында өтті. Іс- шараға 106 қатысушы – әлемнің 38 мемлекетінің өкілдері қатысты.
ENQA Бас Ассамблеясының бірінші күні аясында келесі мәселелер қарастырылды:
- "Трансшекаралық жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыздандыру» (QACHE) жобасының нәтижелері;
- АҚШ-та сапаны қамтамасыздандыру саласындағы тенденциялар;
- ENQA- ға мүшелік критерийі ретіндегі ESG-дің 2015 жылғы жаңа стандарттары.
Бас Ассамблеяның екінші күні ENQA-ның толық және аффилирленген мүшелеріне бағытталып, ұйымдастырушылық және әкімшілік процестерге арналды.
Толық ақпарат ENQA ресми сайтында орналасқан.