Семинар жұмысы сарапшыларды институционалдық және мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеу аясында алдын ала және сыртқы аудитке қатысуға және есеп берулерді жазуға, сонымен қатар білім беру ұйымы мен білім беру бағдарламаларының өзін- өзі бағалау есебіне сараптамалық тұжырымдама шығаруға даярлауға бағытталған.
Семинар соңында қатысушыларға аккредиттеу бойынша ұлттық сарапшы мәртебесін растайтын сертификаттар беріледі.
Семинар ақылы түрде өткізіледі. Қатысу құны – 7000 тенге. Оның ішіне үлестірме материалдардың таралымын көбейту, кофе- брейк және түскі ас кіреді.
Семинарға қатысуға БСҚА сарапшылары, алдын ала және сыртқы аудитті өткізуден, жоғары оқу орындары мен білім беру бағдарламаларының өзін- өзі бағалау есебіне сараптамалық тұжырымдама дайындаудан әлеуетті сарапшылар ретінде басшылықпен ұсынылған жоғары оқу орындарының оқытушы- профессорлық құрамы мен студенттері, сонымен қатар жекелей түрде сарапшы ретінде сертификаттаудан өтуді қалайтын барлық оқытушылар шақырылады.
Жіберілетін өтінімдер саны ЖОО басшылығымен анықталады, сонымен қатар ЖОО оқытушыларымен жекелей түрде жіберілуі мүмкін.
Өтініштерді қабылдаудың аяқталу мерзімі – 2016 жылғы 8- қаңтар.
Алматы қаласындағы семинар бағдарламасы
Шымкент қаласындағы семинар бағдарламасы