БІЛІМ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ БОЙЫНША ТӘУЕЛСІЗ АГЕНТТІГI

instagram twitter youtube facebook

Білім берудегі жоғары сапаға жәрдемдесу

Басқы бет

Лидер  1680 900 (1) min
18

 

08. 02. 16

2016 жылы 4 ақпанда Астана қаласында Республикалық ректорлар Кеңесінің төртінші отырысы өтті

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Республикалық ректорлар Кеңесінің кезекті отырысы өтті.

2017 жылғы 1-қаңтардан кұшіне енетін ҚР жоғары оқу орындарын аккредиттеу шарттарының өзгерістері ректорлар арасында көп талқыланған мәселе болды.

ҚР БҒМ білім беру және ғылым саласында бақылау комитетінің төрағасы Саят Нюсупов баяндама жасады, БСҚА президенті, п.ғ.д., профессор Ш.М. Қаланова, АРТА ғылыми кеңесшісі Р.Ғ. Сейдахметова және ЖОО ректорлары талқылауға қатысты.

4.02.2016 14.02.2016 2

ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және халықаралық ынтымақтастық Депаратментінің директоры Серик Омирбаев педагогика мамандықтарына арналған арнайы сынақтарды өткізу технологиясы жөнінде айтып өтті.

2016 жылдан бастап педагогика мамандықтарына және арнайы және шығармашылық дайындықты қажет ететін мамандықтарға қабылдау арнайы немесе шығармашылық сынақтарды ескеру арқылы жүзеге асырылады. Шығармашылық сынақ барысында психологиялық тестілеу және педагогикалық мәселелерді шешу арқылы талапкердің педагогикаға бейінін анықтау жоспарланады.

40216 424.02.2016 4

Мәжіліс нәтижесінде ЖОО ректорлары айтылған мәселелерді қарқынды талқылауға кірісті және келесі Кеңес отырысында қорытынды шығаруға келісті.

prikaz kz
eqar
LogoENQA Color RGB
prikaz krg ru
logodeqar
eenqa
inqa
apqn
CHEA
ihe logo