БІЛІМ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ БОЙЫНША ТӘУЕЛСІЗ АГЕНТТІГI

instagram twitter youtube facebook

Білім берудегі жоғары сапаға жәрдемдесу

Басқы бет

Лидер  1680 900 (1) min
18

 

22. 05. 16

БСҚА президенті, Қаланова Ш.М., КазГЮУ Университетінде өткен «Академиялық адалдық: мәселелері мен келешегі. Озық тәжірибе» халықаралық ғылыми форумында баяндама жасады

 22052016 2

Астана қарасында 2016 жылдың 19-20 мамырда «Академиялық адалдық: мәселелері мен келешегі. Озық тәжірибе» атты халықаралық ғылыми форум өтті. Бұл іс-шараны КазГЮУ Университеті Назарбаев Университетімен және «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ бірлесе ұйымдастырды.

Форумның мақсаты - білім берудегі инновациялар аясында академиялық адалдылықты дамытудағы зерттеушілердің және практиктердің тәжірибе алмасуына арналған халықаралық платформаны ұйымдастыру. Форум аясында қатысушыларда практиктерді және зерттеушілерді біріктіретін секциялы отырыстарда қатысуға, академиялық адалдықтың өзекті сұрақтарын және мәселелерін талқылауға, сонымен қатар академиялық адалдықты дамытудағы тәжірибемен алмасуға мүмкіндіктері болды.

22052016 1БСҚА президенті, Қаланова Ш.М. «Академиялық адалдық және халықаралық аккредиттеу» секциясында баяндама жасады. Баяндама тақырыбы: «АҚШ Федералдық реестрі және Сапаны қамтамасыздандырудың Еуропалық реестрі үлгісінде аккредиттеу агенттіктерінің «фабрикаларымен» күрес амалы ретінде аккредиттеу агенттіктерінің реестрін құру». Профессор Қаланова Ш.М. өзінің баяндамасында оқу орындарында білім сапасын қамтамасыздандыру мақсатында аккредиттеу агенттіктеріне жоғары критерийлер және талаптар қоюдың маңыздылығын айтып өтті. Үлгі ретінде АҚШ Білім департаментінің Федералдық реестріне және Жоғары білім сапасын қамтамасыздандырудың Еуропалық реестріне (EQAR) қосылу үшін агенттіктерге қойылатын талаптар алынды. Бұл реестрлердің негізгі міндеті сапаны қамтамасыздандырудың сенімді және мойындалған тізімін басқару болып табылады.

Семинарға Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігінің, Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының, республикалық ведомстволық ұйымдардың, ұлттық аккредиттеу агенттіктерінің өкілдері, отандық және шетел ғалымдары, білім саласындағы халықаралық сарапшылар, барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарының басшылары, оқу орындарының өкілдері және студенттер қатысты.

БСҚА президенті, Қаланова Ш.М. баяндамасымен осы сілтеме бойынша таныса аласыз.

Бұл іс-шара туралы толығырақ ақпаратты КазГЮУ Университетінің ресми сайтынан көре аласыз.

prikaz kz
eqar
LogoENQA Color RGB
prikaz krg ru
logodeqar
eenqa
inqa
apqn
CHEA
ihe logo