Бұл шара 2016 жылдың 21-22 маусымында Мәскеу қаласында (Ресей) өткізілді. Семинар Ресей Білім және ғылым министрлігінің және Ресей білім басқармасының қолдауымен «Росаккредагентство» ФМБМ және «Финансовый университет при Правительстве Российской Федерации» ЖБ ФМББМ ұйымдастырылған.
Семинарға ресей, қазақстандық және шетел аккредиттеу агенттіктерінің өкілдері қатысты. IQAA прензиденті, профессор Ш.М. Қаланова «Сапаны бағалау рәсімдерінде халықаралық сарапшылардың қатысуы» тақырыбында баяндама жасады. Өз баяндамасында IQAA президенті агенттіктің аккредиттеу рәсімдеріне халықаралық сарапшыларды қатыстырудағы: сарапшыларды таңдау, олардың қызметі, оларды оқыту және тәжірибедегі сәтті тәжірибесімен бөлісті.
Профессор Ш.М. Қаланова халықаралық сарапшылардың қатысуы сараптаманың кең спектрін және сарапшылар тобының ұлттық мүдделер қайшылықтарының ықпалынан тәуелсіздігін қамтамасыз ететіндіктен, сонымен қатар аккредиттеудің еуропалық және халықаралық стандарттарына бағытталуға жәрдемдесетіндіктен оқу орындарының сапасын бағалаудағы барлық сыртқы рәсімдерге халықаралық сарапшыларды қатыстырудың маңызды рөлін және қажеттілігін ерекше айтып өтті.
Семинар соңында семинар қатысушылары дөңгелек үстелде оқу орындарында білім берудің ішкі сапасын бағалау мәселелерін талқылады.
Бұл халықаралық семинар туралы толығырақ ақпарат «Росаккредагентство» ФМБМ ресми сайтында көрсетілген