2016 жылдың 25-қарашада Астана қаласында Жоғары және жоғарыдан кейінгі білім беру департаментімен және ҚР БҒМ Болон процесі және академиялық мобильділік орталығымен бірлесе ұйымдастырылған «Болон процесіндегі Қазақстан: жетістіктер және болашақ» атты халықаралық конференциясы өтті.
Бұл шараның басты мақсаты Қазақстанның Болон процесін жүзеге асырудағы алты жыл ішінде жеткен жетістіктерін ашық талқыға салу болды. Конференция аясында қатысушыларда білімнің түрлі өкілдерінің Болон процесі параметрлерін жүзеге асырудың ағымдағы күйі, білімді жетілдірудегі Еуропалық тәжірибенің ықпалы және Жоғары білім берудің еуропалық кеңістігі (ЖБЕК) принциптерін жетілдірудің сын-тегеуріндері жөніндегі баяндамаларын тыңдауға және танысуға мүмкіндіктері болды. Соынмен қатар академиялық мобильділікті дамыту, кредиттік білім беру технологиясын қолдану, Еуропалық стандарттар (ESG) негізінде жоғары білім берудің сапасын қамтамасыздандыру, жоғары білім беру сапасын жетілдірудегі түрлі стейкхолдерлердің әлеуметтік өлшемін және рөлін жақсарту мәселелері талқыланды.
IQAA президенті, профессор Ш.М. Каланова «Еуропалық стандарттардың (ESG) сапаны қамтамасыздандырудың ұлттық жүйесіне ықпалы» тақырыбындағы баяндамасын ұсынды. Баяндаманың басында профессор Ш.М. Каланова Еуропалық стандарттарды әзірлеу тарихына тоқталды, 2005 және 2015 жылғы ESG нұсқаларындағы негізгі өзгерістерді, олардың рөлін, қолданудың негізгі мақсаттарын және принциптерін ерекшелеп айтып өтті. Сонымен қатар профессор Ш.М. Каланова Жоғары білім беру сапасын қамтамасыздандырудың еуропалық қауымдастығының (ENQA) және Жоғары білім беру сапасын қамтамасыздандырудың еуропалық реестрінің (EQAR) миссиялары және қызметтерінің мақсаттары туралы айтып өтті. Аккредиттеу органдарының ұлттық реестрін дамыту арқасында Қазақстан жоғары оқу орындардың халықаралық аккредиттеуден өтуінің ең жоғарғы деңгейдегі мемлекет болып табылады. Бұл жоғары оқу орындарының EQAR тізіміне кіретін агенттіктердің тәуелсіз аккредиттеуін алуға деген үлкен ынтасын көрсетеді.
Өзінің баяндамасында профессор Ш.М. Каланова Еуропалық стандарттардың Қазақстандағы сапаны қамтамасыздандырудың ұлттық жүйесінің құрылуында ғана емес, сонымен қатар оның сапалы трансформациясындағы маңызды рөлін айтып өтті. Соның ішінде 2015 жылғы Еуропалық стандарттардың (ESG) жаңа нұсқасын қабылдағаннан кейін енгізілген IQAA Аккредиттеу стандарттарындағы өзгерістер талданды. Жаңа стандарттардың оң ықпалының мысалы ретінде жоғары оқу орындарының аккредиттеумен қанағаттану деңгейі бойынша IQAA жүргізген зерттеу нәтижелері ұсынылды. Бұл нәтижелер Еуропалық стандарттардың Қазақстандық жоғары оқу орындарындағы сапа мәдениетін жетілдірудегі әсерінің және тәуелсіз аккредиттация арқыты білім беру тәжірибесінің біртіндеп жетілуінің нақ дәлелі болып табылады. Профессор Ш.М. Каланованың баяндамасы конференция қатысушыларында үлкен қызығушылық тудырды және қызу талқыланды.
Халықаралық конференция жұмысының нәтижелері бойынша мүдделі тараптарға, соның ішінде жоғары оқу орындарына және студенттерге Қазақстан Республикасындағы Болон процесінің параметрлерін жүзеге асырудағы ұсыныстар қалыптастырылды.
IQAA президентінің баяндамасы осы сілтеме бойынша қол жетімді.