2016 жылдың 12-13 желтоқсан аралығында Грецияның Афины қаласында Жоғары білім сапасын қамтамасыздандыру еуропалық қауымдастығы (ENQA) және Сапаны қамтамасыздандыру және аккредиттеу Греция агенттігі (HQA) бірлесе ұйымдастырған «Электронды оқытудың әлеуметтік өлшемі - сапаны қамтамасыздандыру көмегімен өзекті мәселелерді шешу» конференциясы өтті.
Бұл конференцияның мақсаты - сапаны қамтамасыздандыру қандай тәсілдер арқылы электронды оқытудағы сенімді және қолжетімділікті, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі студенттерді оқытуға мүмкіндік беру аясындағы әлеуметтік өлшемді қолдайтынын талқылау. Интернетте және аралас орталарда электронды бағалауды қолдау мақсатында оқу орындарына адаптивті сенімді электронды бағалау жүйесін ұсынуға бақытталған TeSLA жобасын өткізу конференция қатысушыларының талқылауының маңызды тақырыбына айналды.
Конференцияға оқу орындарының өкілдері, сапаны қамтамасыздандыру агенттіктері және студенттер қатысты. Пленарлық мәжіліс аясында келесі баяндамалар тыңдалды:
1) Сандық жоғары білімдегі сапа мәселелері;
2) TeSLА жобасы;
3) Электронды оқытуға сенімді қолдаудағы сапаны қамтамасыздандырудың рөлі;
4) Жоғары білімге қол жетімділік.
Конференция барысында қатысушылар электронды оқытуды алға тартудағы өз тәжірибелерімен бөлісуге және кемшіліктерді жоюдағы кейінгі қадамдарды талқылауға мүмкіндіктері болған тақырыптық сессиялар ұйымдастырылды.
Бұл шара туралы қосымша ақпарат ENQA ресми сайтында қолжетімді - http://www.enqa.eu/index.php/events/social-dimension-of-e-learning-addressing-challenges-through-qa/
Бұл шарадағы фотосуреттер ENQA Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында қолжетімді - https://www.facebook.com/pg/ENQAsecretariat/photos/?tab=album&album_id=1196332680434706